Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Алқа тоқу
Технология 9 сынып
Сабақтың тақырыбы: Алқа тоқу
Сілтеме Е. В. Ермилова, И. А. Товченик. Технология 9 сынып Алматы «Мектеп» 2012, интернет материалдары, нұсқау карталар.
Жалпы мақсаттар Оқушылардың бисермен жұмыс істеудегі шеберлігін арттырып, білімін жүйелеу. Алқа түрлерімен таныстыру. Алқа тоқудың әдіс - тәсілдерін меңгерту.
Оқыту нәтижесі Алқа тоқудың жолдарын үйренеді. Жұптық, топтық жұмыс жасауға үйренеді.

Тапсырмалар
І. Үй тапсырмасын сұрау. «Ойлан, жұптас, талқыла» стратегиясы
ІІ. Жаңа сабақ. «Ой қозғау» стратегиясы
ІІІ. Тапсырма. «Ішіне - сыртына» стратегиясы
ІҮ. Сергіту сәті. «Кім жылдам?» ойыны
Ү. Сабақты бекіту. Тест жұмысы
ҮІ. Қорытынды. ББҰ стратегиясы
ҮІІ. Үйге тапсырма
ҮІІІ. Бағалау. Кері байланыс

Сабақ барысы
Мұғалімнің іс - әрекеті
I. Ұйымдастыру кезеңі.
І. Ұйымдастыру кезеңі
- сәлемдесу;
- оқушыларды түгелдеу;
- оқушылардың сабаққа даярлығын құрал - жабдықтарын қадағалау;
- сыныпты топқа бөлу; Алқаның суреттері қиындысы арқылы бөлемін
Бағалау критерийлерімен таныстыру. Бағалау парақшасы таратылады.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. "Ойлан, жұптас, талқыла" стратегиясы
1. Бисер деген не?
2. Бисерді қандай бұйымдарға қолдануға болады?
3. Бисермен тоқу нені талап етеді?
4. Бисер қай кезден бастап пайда болды?

ІІ. Ой қозғау стратегиясы
1. А - Мойынға тағатын әшекей? (Алқа, 1әріп)
2. Л - Ресейде бисерді өз тәжірибесімен жасаған кім?
(Ломоносов, 1 әріп)
3. Қ - Жарқылдаған қос қылыш,
Қолға тисе жоқ тыныш. (қайшы, 1 әріп)
4. А - Бисерді неден жасайды? (металл, 4 әріп)
5. Т – Бисердің түрі? (таяқша, 1 әріп)
6. О - Бисерді көп шығарған ел? (Жапония, 4 әріп)
7. Қ - әйел баскиіміне тағатын үлкен маржан моншақ
қалай аталады? (былқылдақ, 9 әріп)
8. У - «Бисер» сөзі арабтың қандай сөзінен шыққан?
(буера, 2 әріп)

ІІІ. Жаңа сабақ. Алқа тоқу.
Қазақ зергерлері көбінесе қыз - келіншектердің ажарын ашатын, сұлу етіп көрсететін зергерлік бұйымдар жасаған. Сол зергерлік бұйымдардың сәнін келтіруге моншақтарды кеңінен қолданған. Атап айтсақ, әйел бас киіміне тағатын үлкен моншақ маржанды - былқылдақ, сәукеленің екі жағынан кеудеге төгіліп тұратын моншақтарды - жырға деп атаған.
Алқаны бисерден, алтын, күмістен соғып домалақтап, асыл тастардан тізіп салпыншақ етіп жасайды.
Алқа бөлшектерінің атауы: алақан - алқаның ортаңғы негізгі бөлігі тақтасы, аяқ - алқаның салпыншағы, тойнақ - алқаның екі ұшын біріктіретін топса.
Алқаны қандай материалдан жасағанына байланысты: лағыл (рубин), маржан (коралл), меруерт (жемчуг), жарқылдауық тасты (самоцвет) алқалар деп атайды.
Соның ішінде біздің бүгінгі сабағымызда тоқитынымыз бисерден алқа тоқу.
Алқа мойынға тағылатын сәндік бұйым. Моншақ неолит дәуірінде тастан және сүйектен, қола дәуірінде металдан жасалған. Ежелгі Мысырда, орта ғасырларда Венецияда, Русьте, Орта Азияда шыныдан жасалған.
Моншақ сөзінің шығуы "Мойын - шақ" немесе "мойын - тақ" деген сөздерден құралады деген пікір бар.
Қазіргі кезде халық шығармашылығында бисермен әшекейлеу жаңа өрлеу үстінде. Халық қолөнерінің бай мұраларын жинап, сұрыптай отырып, заманымызға лайықты сапа, түр беру қазіргі ұрпақ біздердің алдымызға қойылған мақсат болып отыр.
Бисермен сәндік бұйымдар: алқа, сырға, білезік, тұмарша тоқуға болады.
Жұмыс орнын ұйымдастыру:
Бисермен тоқу жұмысы қызықты, әрі қарқынды жүру үшін, тек құрал - саймандардың түгел болуы ғана емес, жұмыс орнын ыңғайлап алу, әсіресе ол жерде бисерді қалай орналастыруды ойластыру өте маңызды. Ол үшін бір бедерлі, фанельді жастықшаға ұсақ төрт бүктеп, түрлі - түсті бисерді үйіп қою керек. Кей жағдайда өте терең емес ( 5 - 10 мм ) тарелкеге салғанда ыңғайлы, бірақ әр түсті жеке тарелкеге салған жөн, не болмаса жақтаулары биік емес қорапшалар пайдалануға болады. Бисермен жұмыс істегенде жұмыс істейтін орын жарықпен жақсы қамтамасыз етілуі керек. Болмаса көзді ауыртып, жиі шаршауға әкеліп соғады. Көзге демалыс беру үшін әр сағат сайын 10 - 15 минут үзіліс жасау қажет.
Сондықтан оны әрі қарай дамыту біздің міндетіміз.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама