Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Амазондық дельфин

Амазон өзенінің дельфині басқа дельфиндерге қарағанда еріншек болып келеді. Олар 30 жылға жуық өмір сүреді. Бұл дельфин шөбі мол таяз суларда олжасын оңай ұстайды. Сондай- ақ олар таза суда тіршілік етеді. Денесінің үстіңгі жағы- қоңырқай. Құйрық жүзбеқанаты әлсіз болғандықтан, суда тез жүзе алмайды.
Аталықтарының ұзындығы 1,5 м-ден 3 м- гедейін барады. Ал аналықтары 2 м- ге жуық болады. Салмағы шамамен 161 кг дейін жетеді. Амазон дельфині жайын, пиранья және шаянтәрізділермен қоректенеді. Ол Амазон, Венесуэла, Ориноко өзендерінде, сонымен қатар Колумбия, Эквадор, Солтүстік Перу, Бразилия және Боливияда тіршілік етеді. Амазон өзенінің бойын мекендейтін халықтар арсында осы бір дельфин жайлы аңыз- әңгімелер өте көп. Амазон өзенінің дельфині мамыр- шілде айларында, cу деңгейі көтерілгенде көбейеді. Олар жақсы көреді, сондай-ақ есту қабілеттері де жақсы дамыған. Одар өздерінен ерекше ультрадыбыс шығарып, оның кері қайтқан жаңғырығын қабылдау арқылы өз жемтігін табады.

Амазондық дельфин

 

Амазондық дельфин

 

Амазондық дельфин

 

Амазондық дельфин

 

Амазондық дельфин


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама