Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 18 сағат бұрын)
Әмірдің өлеңі

Бір күні Әмір өзінің өлеңін Қожанасырға оқып береді.

— Өлең емес! — деп жамандайды. Әмір ашуланады. Қожаны зынданға салдырады.

Тағы бір күні Әмір Қожаны шақырып алып, оған өзінің жаңа өлеңдерін оқиды.

— Қандай? — деп сұрайды. Қожа үндемей орнынан тұрып жүре береді.

Әмір:

— Қайда барасың? — дейді.

— Қайда болсын, зынданға кетіп барам, — деген екен.

 


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама