- 31 қаң. 2020 00:00
- 298
Бір сөзді болу керек (І түрі)
Бір қу Қожанасырдан:
— Қожеке, сіз осы нешедесіз? — деп сұрайды.
Қожа:
— Қырық жастамын, — дейді.
Он жыл өткен соң әлгі қу Қожадан:
— Қожеке, сіз неше жастасыз? — деп тағы сұрайды. Қожа тағы да:
— Қырық жастамын! — дейді. Сонда қу:
— Бұл қалай? Он жыл бұрын сұрағанымда қырық жастамын деген едіңіз ғой? — дейді.
— Адам бір сөзді болу керек, — дейді Қожа.