- 05 нау. 2024 04:11
- 219
Ана - тілі тірлігімнің айғағы
Ана - тілі тірлігімнің айғағы (поэзия кеші)
Тәрбие сағаты
Мақсаты: Көпшілік оқырманға ана тіліміздің қадір - қасиетін дарыту, туған тіліміздің тұғырының мықты болуына негіз қалаған бабаларымыздың айтқан ой - толғауларын оқып үйрену, ақиық ақындарымыздың тіл жайында толғаған өлең - жырларын оқып, танысып, тәлім - тәрбие беру.
Жүргізуші: Құрметті оқырман қауым!
Әр адамның азаматтық қасиеті мен мәдениеті өз халқын, өз атамекенін қалай сүюімен өз ана тілін қалай білуімен өлшенбейді. Ананың ақ сүтіне уызына жарыған адам қашанда отаншыл, ұлтжанды болады. Әркімнің өз тіліне деген құрметін өз анасына, өз ұлтына деген құрмет деп білу керек. Олай болса қара қылды қақ жарған туған тіліміздің бүгін туған күні. Осы айтулы, мерейлі мереке күніне орайластырылып өткізгелі отырған «Ана - тілі тірлігімнің айғағы» атты поэзия кешіне қош келдіңіздер!
1 - оқырман:
Ананың ақ сүтіндей ана тілім,
Құдіретіңмен көтердің дала туын.
Сара тілген әлемді сен болмасаң,
Күні қараң тіршілік санатының.
Тіл мұратым, арманға ұласар кеп,
Тіл болмаса бұл қазақ қыр асар ма ед?!
Тіл байлығы бар елде кедейлік жоқ,
Алшаңдайды ат ұстап «тілашар» деп.
Өзім тегім деп білем тілдің тегін,
Тілім, сеннен оталған бір білтеңмін.
Тілім сенімен жандырып өткенімді
Сөзден өлген әкемді тірілткенмін, — деп ақын Бәйтік Дүйсенбаев жырлағандай бар байлығымыз, мойнымыздағы қасиетті тұмарымыздай қастерлі ана тіліміз туған тіліміз жайында ақын өлеңдеріне кезек берейік.
2 - оқырман: Тіл халқымның қазынасы баға жетпес байлығы десек - осы қазына байлықты Қарасаздан ұшқан асқақ ақын Мұқағали Мақатаев былайша жырлаған екен.
«Үш бақытым»
Ең бірінші бақытым - халқым менің,
Соған берем ойымның алтын кенін.
Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын,
Қымбаттырақ алтыннан нарқым менің.
Ал екінші бақытым - Тілім менің,
Тас жүректі тіліммен тілімдедім.
Кей - кейде дүниеден түңілсем де,
Қасиетті тілімнен түңілмедім.
Бақытым бар үшінші – Отан деген,
Құдай деген кім десе, Отан дер ем.
…Оты сөнген жалғанда жан барсың ба!
Ойланбай - ақ кел дағы от ал менен.
(Б. Тілеуханның «Елім менің» әні хормен орындалады)
3 - оқырман: «Тіл - ұлттық белгі халықтың мұра, дүниетаным құралы». Халықтың тарихта қалуы тіліне байланысты. Тіл - халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін - келбеті, болмысы. Адамның мұратқа жеткізетін ана тілі мен ата дәстүрі. Олай болса қазір сіздерге тіл жанашыры, ақын Мұхтар Шахановтың «Рух пен тіл» өлеңін оқып берейін.
Табиғаттың өзгермейтін заңына бұр бетіңді,
Қай кезде де туған тілің туған анаң секілді.
Бабалардың арманы бар мына қызыл гүлдерде,
Олар елін, тілін қорғап жанын қиған бұл жерде.
Адам қанша болғанымен дарынды әрі табанды,
Туған жерін сүймей тұрып сүймек емес ғаламды.
Өзге атаның мазмұнына, мерейіне тор құрар,
Алдымен өз анасын сүйе алмаған сорлылар.
Нарық - ғасыр бәрін сатып жібере ме, алтынға,
Кім қалады сол алтынға сатылмайтын қалпында.
Жалғандық бар ұлтсыздардың беделі мен даңқында,
Ана тілін сыйламаған сыйламайды халқында.
Ұлтсыздану заманында,
Тілің нарық табанында,
Көнбістік бар қадамыңда,
Рухыңды басып кетті қарын.
Тіліңді жоғалтсаң,
Дініңді жоғалтсаң,
Жоғалтасың бәрін.
4 - оқырман: Ана тілі - ар өлшемі. Олай болса, тілді шұбарлау - арды шұбарлау, көңіл тұнығын лайлау. Осы тұста ақын Әбділда Тәжібаевтың:
Туған тілім – тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сөз ойдағы.
Өссе тілім, мен де бірге өсемін,
Өшсе тілім, мен де бірге өшемін,- деген тамаша жыр жолдары ойға оралды. Ендеше келесі кезекте ақын Оразақын Асқардың «Қазақ тілі - ғарыш тілі» өлеңін оқиын.
Келді отыз жыл күткен кезең,
Арман жеткен алыста еді.
Батыр Тоқтар өз ұлтының,
Болды тұңғыш ғарышкері.
- Аман орал – болсын - деп жол,
Шаттық билеп күлімдедім.
Күллі әлемге ғарыштан ол,
Қайтты қазақ тілінде үн.
Жер мен ғарыш аралықтың,
Бұйым болмай алыстығы.
Көкесіндей жаңалықтың,
Тілім болды ғарыш тілі.
Ана - тілі тірлігімнің айғағы жүктеу