Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 57 минут бұрын)
20 жыл бойы жасырынған қылмыскер Ресейден Қазақстанға экстрадицияланды

20 жыл бойы іздеуде болған қылмыскер Ресейден Қазақстанға экстрадицияланды. Ол Павлодарда топ болып қарақшылық шабуыл жасады деген күдікке ілінген.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Тергеу нұсқасы бойынша, қылмыс 2006 жылы болған. Сол кезде күдікті өзге азаматтармен бірге қолына түскен заттарды пайдаланып, Павлодар тұрғынына шабуыл жасап, оның мүлкін ұрлаған.

Қылмыстың басқа қатысушылары сот үкімін шығарып, колонияларға жіберілгенімен, бұл азамат елден қашып кеткен. Ол халықаралық іздеуге жарияланды.

Ресейде ұсталды

«2025 жылдың қыркүйек айында қылмыскер Ресей Федерациясының Новосибирск облысы аумағында ұсталды. Қазақстан Бас прокуратурасының өтініші бойынша ол Отанына экстрадицияланды. Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына тоғытылды», — деп хабарлады қадағалау органы.

Жазасы қандай болады?

Енді 20 жыл бұрынғы қашқынға нақты жаза кесілуі мүмкін. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексіне сәйкес, топ болып жасалған қарақшылық шабуыл үшін мүлікті тәркілеумен қатар, 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Жаңалықтар

Жарнама