Photo: Mesut Yalçın (https://www.pexels.com/@mesut-yalcin-1233429888) / Pexels
- 31 мам. 2026 23:30
- 20
Өлгеннің үстіне – өлік мінгендей: Продюсер Молдір Әуелбекованы қудалау туралы айтты
КешYou тобының тарихына арналған құжатты фильм жұртшылықтың назарын аударып, бұрынғы жанжалдарды қайта қозғады. Алайда, бұл талқылау фильм шеңберінен шығып, әнші Молдір Әуелбековаға қарсы жаппай қудалауға ұласып кетті.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Желідегі арандату
Продюсер Арман Қарабаевтың айтуынша, бастапқыда мәдениет индустриясының тарихы туралы конструктивті әңгіме болады деп күтілген жоба, керісінше, қоғамдағы агрессияны оятқан «жарылғыш затқа» айналған. Әсіресе, Молдір Әуелбекованы нысанаға алған желідегі қудалауға «медиа сарапшылардың» реакциясы алаңдаушылық тудырады.
«Блогерлердің кейбір бейнеталдауларына қарап отырсақ, сырт көзге объективті талдау сияқты көрінгенімен, шын мәнінде бұл – манипуляция және жасырын қудалау. Біздің индустрияда мұны «дағдарысты пиарды пайдалану» деп атайды. Бұл өте циникалық әдіс: адамдар әншіні алғашқыда-ақ қатты сынға алған кезде, оның үстіне жаңа «тәуелсіз тергеу» немесе «шынайы талдау» жасап жатқандай сылтаумен, оны әбден қорлап, хейт жинауға тырысады», – дейді Қарабаев.
Адамды қорлау – жабайылық
Қарабаев бұл әрекетті «өлгеннің үстіне – өлік мінгендей» деп бағалайды. Ол блогерлерді «төреші» рөліне еніп, продюсерлер мен фильм авторлары сияқты, әншінің тағдырына алаңдамай, жаппай қудалауды күшейтетінін айтады.
«Бірдеңелерді дәлелдеу үшін адамның адами қадірін таптап, оның еңбегін елемеуге болмайды. Әсіресе, жылдар бойы ел мәдениетіне үлес қосқан өнер иесін жай ғана хайп үшін жоққа шығаруға тырысу – дұрыс емес. Сараптамалық мақала немесе сарапшы пікірі деген желеумен берілген қудалау, қудалау болып қала береді», – деп түйіндеді продюсер.
Бұған дейінгі жағдай
Бұған дейін Баян Алагөзованың ұлттық құндылық саналатын, 1970 жылғы «Қыз Жібек» фильмінен қалған камзолды кигені қоғамда қызу талқыланған болатын. Бұл жағдай да көпшіліктің наразылығын тудырған еді.