tengrinews.kz
- 05 мам. 2026 10:30
- 22
Өскеменде зауытта жарылыс болды: құтқарушылар зардап шеккендерді іздестіруде
Өскемен қаласындағы зауыт аумағында жарылыс болды. Оқиға салдарынан жұмысшылар зардап шеккені хабарланды. Әлеуметтік желіде жарылыс болған жерден түсірілген видеолар тарауда.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Зауыттағы жарылыс
Видеода аспанға қарай көтерілген қою түтін көрінеді. Желі қолданушылары жарылыс болған болуы мүмкін деген болжамдар айтуда.
Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, зауыт аумағында «шаң жинағыш құрылғының жарылуы, одан кейін өрт шығып, ішінара құлаған».
Алғашқы бөлімшелер келген кезде ашық жанудың орын алғаны анықталды. Қазіргі уақытта ТЖМ бөлімшелері жұмыс істеп, зардап шеккендердің бар-жоғын анықтау бойынша барлау жұмыстарын жүргізуде. Жедел штаб құрылды. Зардап шеккендер туралы ақпарат нақтылануда.