Аналар – асыл жандар мерекелік кеші
Аналар – асыл жандар мерекелік кеші
Мақсаты: Білімділік: оқушыларды білім, білік, дағды жүйесімен қаруландыру.
Тәрбиелік: Үлкенді сыйлап, кішіге қамқор болуға, рухани өнегелі тәрбиеге талпындыру, адамгершілік, адами, сыпайылық қасиеттерін бойында дарыту, оқушылардың ғылыми дүниетанымын, тұлғаның адамгершілік қасиетін, көзқарастары мен сенімін қалыптастыру.
Дамытушылық: оқушылардың танымдық қызығушылығын, жігерін, көңіл - күйін, тілі, жадысы, ынтасы, қиялы мен қабылдауы сияқты танымдық қабілеттерін дамыту.
1 - жүргізуші:
Халқымызға билік айтар даналар,
Даналардың өзі анадан жаралар.
Жүрегінің бір бөлшегі - бала үшін,
Сізден жақын адам бар ма аналар!
Балаға ең жақыны сіз ғой, ана,
Сіздерге теңестірер еш нәрсе жоқ,
Теңесе алар бір - ақ нәрсе – Отан ғана.
Құрметті асыл жаннан ардақты апайлар мен ару - қыздар!
Бүгінгі 8 - наурыз – Халықаралық аналар мен арулар күніне арналған
«Аналар – асыл жандар» атты мерекелік кешімізді ашуға рұқсат етіңіздер.
2 - жүргізуші:
- Нұрын төккен көктемде алғашқы көрінген жауқазын бейнелі көрікті мейрам, әсемдік пен сұлулыққа, әдемілік пен нәзіктік қуатына табынтар сәт – аналар мен арулар мерекесі құтты болсын!
Мерекелік құттықтау сөз А. Иманов атындағы №12 Кәсіптік лицей директоры Нүрпейісов Нұрболат Бахтыбайұлына беріледі.
Әкімшілік қызметкерлерін және кадр қызметкерлерін, әлеуметтік педагог, психолог, хатшы, есепші қызметкерлеріне
арнап Серғазиева Гүлмираның орындауында ән «» қабыл алыңыздар.
1 - жүргізуші:
Наурыз мейрам жүректерге нұр сепкен,
Маңдайымнан сүйіп жатыр күн - көктем.
Жарығыңмен, шуағыңмен Күн – Ана,
Алып келдің жер бетіне гүл көктем,
дей келе тамашалайтын әніңіз Гуманитарлық пән мұғалімдеріне арналады
Жайымов Бауыржанның орындауында ән: «Мама»
Тілекқабылов Бақытжанның орындауында « Мама» әнін математика пән мұғалімдеріне арнаймыз.
2 - жүргізуші:
- Болашақ өмір, ұрпақ жалғастығы сіздердің жүрек жылуларыңызға тікелей байланысты. Әлемдік өркениетке қадам басқан тәуелсіз мемлекетіміздің өрелі істерінде әйел - аналардың кәсіби де рухани қосқан үлестері аз емес.
Қоғам дамуында ер - азаматтармен қатар жүріп, қоғамдық өмірдің барлық саласына белсене араласып, үлгі мен өнегеліктің айшықты нышаны болып келесіздер. Келесі құттықтау сөзді мектебіміздің кәсіподақ ұйымының төрағасы Меркурии Габдоллаұлына береміз.
Ән: «Сұлу қыз» Габдуллин Эльдардың орындауында
Жаратылыстану пәні мұғалімдеріне арналады қошеметтеп қарсы алайық
- 1 - жүргізуші:
Жадырап тұр бүгінде берекеміз,
Бір тамшы білімді көл етеміз.
Еңбегіңіз әрдайым жемісті боп,
Құтты болсын бүгінгі мерекеңіз.
Арнаулы пән мұғалімдеріне арнап Ерғалива Назгул мен Айтмухамбетов Нұрболаттың орындауында «Ана туралы жыр» қарсы алыңыздар!!!
Құттықтау сөз: ардагер ұстаз ------
2 - жүргізуші:
Бір өзіңнен бастап өмір жолдарын,
Жүрегіңе, жүрегімді жалғадым.
Өзің мына сыйға берген өмірде
Ақ сүтіңді ақтап өту – арманым
– дей келе аяулы ұстаздарымыз бен құрбы - қыздарымызды құттықтау сөзі лицей директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Уразова Зоя Садуловнаға беріледі.
Өндіріс шеберлеріне арнап Трио орындауында « Кешір мені» әні қабыл алыңыздар!!!
Би: ------
1 - жүргізуші:
Тіршілік шыққан күннен нәр алады,
Ананың ақ сүтінен жаралады.
Ұландардың бүгінгі салған әні
Аналар бір сіздерге арналады.
Жатақхана қызметкерлеріне арнап Ән «Анашым» Жайымов Бауыржанның орындауында. Қол соғып қарсы алайық.
Габдуллин Эльдардың орындауында ән «Анаға салем» қабыл алыңыз!!!
Қойылым: ------------------
2 - жүргізуші:
Ата - анаға көз қуаныш,
Алдына алған еркесі.
Сүйер ұлың болса сен, сүй,
Сүйенерге жарар ол.
Ендігі кезекті 1 топ оқушыларының көңілді қалжыңдарына берейік.
1 - жүргізуші:
- Ел - елдің сұлулық деп білетін қасиеттерімен қатар талғамдары да әр түрлі. Мысалы, Перудегі майорун тайпасында денесін піскілеп бояп, маймылдың тістерінен алқа тағып, шашына, мұрнына, құлағына қауырсын, қабыршақ секілділерді неғұрлым көп іліп алған әйел әдемі деп саналады.
Келесі ән «Сырласу» Жайымов Бауыржан мен Уразаева Ханзаданың орындауында Лицей аруларына арналады, қол соғып қарсы алайық.
- 3 -
2 - жүргізуші:
- Сенегалда волоф әйелдері шаштарын ұзынша бұрым етіп өріп, мүйіз секілді тікірейтіп қояды.
1 - жүргізуші:
- Вьетнамдағы зярай әйелдері мойындарын ұзарту үшін алқа орнына бұрама киіп жүреді екен.
Олай болса, «Әр елдің өз сұлуы өзіне» дей келе біздің лицейімізде қандай сұлулықты біз қалаймыз пікірлесіп көрейік қанекей.
Габдуллин Элдар мен Серғазиева Гүлмираның орындауында «Сен болмасаң» әнін қарсы алайық.
1 - жүргізуші:
Аяладың, мәпеледің жасымнан,
Менде сенің табылушы ем қасыңнан.
Қуаныш қып менің өскен бойымды,
Естен кетпес сипайтының басымнан.
Шаруашылық қызметкерлеріне арнап ән: «Ойна да, күл» орындайтын Кисметов Мейрам қошеметтеп қарсы алайық.---------------------------
2 - жүргізуші:
Ана дейміз бәріміз де аңқылдап,
Ана дейді жас сәби де жарқылдап.
Ана деген бәйтерегі өмірдің,
Ана деген – алтын қазық, алтын бақ.
Ойын «Әнжұмбақ» (Әннің әуенін жасыру)
Жатақхана тәрбиешілеріне арнап Сағатденова Жазираның орындауында
ән: «Анаға хат» қол соғып қарсы алайық
1 - жүргізуші:
Ана деген – асыл жандар болаттай,
Ана деген – мөлдір жандар бұлақтай.
О, адамдар, қадірлей біл Ананы,
Жат қылыққа ақыл - ойды тонатпай.
Ситуациялық сұрақтар:
1. 8 - ші наурыз мерекесіне анаң мен қызыңа сыйлық алайын деп ақша жинадың
бірақ ақша біреуіне сыйлық алуға жетеді, сен қалай жасайсың, сыйлықты кімге
аласың және не себептен?
2. Ұстаздарға: Жұбайыңызға мереке күнін мейрамханада атап өтуге ұсыныс жасадыңыз, бірақ сол күні шұғыл іс сапарға кету керек не істейсіз? (екеуі де маңызды)
3. Қалаға МУЗарт тобының концерті келді қызыңыз бұл топты қатты жақсы көреді сол себепті кеш билет алып қызыңызды шақырдыңыз, бірақ сіз шығайын деп жатырғанда 10 жыл көрмеген досыңыз келді не істейсіз және себебі? ( екеуі де маңызды)
4. Ұстаздарға: Сіз іс сапардан келгенде жұбайыңызға алқа әкелемін деп сөз бергенсіз, бірақ сіздің ақшаңыз таусылып қалып сыйлықсыз келдіңіз, жұбайыңыз ренжуде сіз шығу жолын қалай табасыз?
5. Ұстаз аналарға: Жұбайыңыз мерекеңізге 50 мың теңгенің алқасын алып беремін деп уәде берген, бірақ ол сізге 30 мың теңгенің алқасын әкелді, сіз не істейсіз?
1 - жүргізуші:
Ардақты аналар, Дарынды да ақылшы ұстаздар, апа - қарындастар! Сіздерді бүгінгі мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтап, денсаулық, сұлулық, бақыт тілейміз!
2 - жүргізуші:
Сіздерге осынау мереке тек қана игі жақсылықтар әкелсін. Дендеріңізге саулық, бала - шағаларыңызға амандық тілейміз.
1 - жүргізуші:
Жүздеріңізден қуаныш пен шаттықтың нұры кетпесін. Еңбектеріңіз табысты болып, шаңырақтарыңызға құт - береке дарысын.
2 - жүргізуші:
Әрқашан мына өмірге сән беріп, жылу таратып, мейірім төгіп, шуақ шашып тұрғандарыңыз үшін Сіздер қашанда өздеріңіздің сыйлы, сүйікті, қадірлі екендеріңізді, Сіздерсіз мына дүние бос екенін ұмытпаңыздар!
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы
№12 А. Иманов атындағы жол - көлік колледжінің саз жетекшісі
Нұртазин Нұрлан Габдулгазизович