Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Махамбет - ерлік пен елдіктің өшпес рухы
Махамбет - ерлік пен елдіктің өшпес рухы
«Өз жерінің, өз елінің тарихын, атақты азаматтарын құрметтей білу деген халық сана - сезімінің өсуіне себеп болмақ»
Н. Ә. Назарбаев
Қай елдің, қай ұлттың болмасын өткен тарихы, тұрмыс - тіршілігі, ұлттық мұрасы болады. Әр халықтың өзіндік өткен тарихы, сол тарих деп аталатын өмір соқпағының әртүрлі кезеңдерінде халықтың игілігі үшін өмір сүрген тарихи тұлғалардың болатыны белгілі. Тарих тағылым үшін қажет, өйткені өткенін саралап, бүгінін бағамдай алмағанның ертеңін ардақ тұтары неғайбыл. Барымызды бағалап, жоғалғанымызды түгендеудің маңызы зор. Ата аманатындай қастерлі Бөкей Ордасы өңірінің сан ғасырлық тарихындағы қатпарлы құпияның бетін ашып, жабулы жұмбағын шешу біздің перзенттік борышымыз. Орда өлкесінің тарихы - қалың. Ол әсем де бай табиғатымен ғана ерекшеленбейді. Сонымен бірге, күллі Қазақстан халқына көрнекті мемлекеттік қайраткерлер, әскери қолбасшылар мен халық батырларын сыйлаған, « Өнер алды - қызыл тіл» иелері, ақын - жырауларын ардақ тұтып, бармағынан бал тамған күйшілер шыққан өлке.

Бүгінде бүкіл халқымыздың мақтанышына айналған Құрманғазы мен Дина да, Исатай мен Махамбет те, өткен ғасырдың дарабоз ақыны Т. Жароков, бүгінгі дүлдүл ақындар Айбатыр, Ғайса - Ғали Сейтақтар және сахна өнерінің хас шебері Хадиша Бөкеева да, партизан Н. Байсейітова, ұшқыш - жауынгер Хиуаз Доспанова апаларымыз да осы өлкенің түлектері. Қос ішекті домбыраға тіл бітірткен Құрманғазы, Дина, Дәулеткерей, Сейтектер, Кеңес Одағының Батырлары М. Мәметова, Т. Масин, А. Құсайынов, 24 - Социалистік Еңбек Ерлері шыққан, мемлекет қайраткерлері, «Тұңғыш қазақ Президенті» С. Меңдешев, сондай - ақ Махамбет пен Бисеннен кейінгі белгілі қазақ ақыны, жерлесіміз Т. Жароков, кеңес өкіметін құру жолында еңбек сіңірген А. Оразбаева, Х. Чурин, қазақ генералдары Р. Құрманғалиев пен Ш. Жексенбаев, композиторлар Б. Жұманиязов, Ш. Қажығалиев пен М. Сағатов, академиктер З. Бияжов пен Ф. Мұхамбетқалиев, Ғ. Зарипов, Т. Махимовтер қазақ халқының тарихи - құнды мұрасы. ХІХ ғасырлық ғимараттарды, ескерткіштерді сақтау жөнінде мәселе көтеріп, олардың үкімет тарапынан қорғауға алынуына қол жеткізген ағаларымызды осы Ордадан шыққанын кім білмейді? Өзге дара талантымыз қаншама?

Батыс Қазақстан облысы,
Бөкей Ордасы аудандық балалар - жасөспірімдер туризмі
және экология орталығының қосымша білім беру педагогы
Алмурзина Гульмира Жолдибаевна

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама