Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Анашым менің ардағым! (Аналар сайысы)
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы,
Форт - Шевченко қаласы, "Балбөбек" балабақшасының тәрбиешісі
Шукирбаева Гулжан Аманкосовна

Анашым менің ардағым! (Аналар сайысы)
Залға әуен жай жүгіріп «Айгөлек» тобының балалары келіп «Флешмоб»биін билеп береді.
Жүргізуші: Армысыздар, ақ жаулықты әжелер, ардақты да аяулы аналар, сымбатты қыздар!
Көктемнің алғашқы мерекесі 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні де келіп жетті. Осындай керемет мезгілде біз «Айгөлек» тобының аналарымен «Анашым менің ардағым!» атты мерекелік сайыс өткізгелі отырмыз. Олай болса, осы сайысымызға қатысушы отбасыларды ортаға шақырайық.

Жақсы адам кімге болсын болар пана,
Мол оның тал бойында ақыл сана
Көркіне ақылы сай келетін
Айкөркем анасы Айгүлмен ортамызда.

Қуантатын білімімен бәрімізді
Қол соғып қарсы алайық келесіні
Нұрғиса анасы Орынгулмен келіп қалды
Татулықты ту еткен бұл отбасы.

Жігітке ақыл, білім жарасады
Нағыз ер халқыменен санасады.
Сайысқа бар күшімді саламын деп
Ғафур мен анасы Балдырған таласады.

Келді міне тағы бір отбасымыз,
Қарсы алайық қол соғып біз бәріміз.
Бекарыс анасы Ажармен қош келдіңіз
Жеңіспенен аяқталсын сайысыңыз.

Қол соғып қарсы алыңыз шығады енді
Сіздерге де берейін бүгін төрді,
Олай болса мінекей, Дәулеткерей
Анасы Мадина сіздерге де кезек келді.
Жүргізуші: Сайысымызды бастамас бұрын әділ тура бағасын беретін қазылар алқасын сайлап алайық.
1. «Балбөбек» б/бақшасының директоры: Ф. Изтұрғанқызы.
2. Б/бақшаның әдіскері: Г. Рахатқызы.
3. Өзін - өзі тану мұғалімі: Ш. Шәдиқызы.
Енді бүгінгі сайысымыздың кезеңдерімен таныстырып өтейін:
1. Таныстыру
2. Өнер сайысы
3. Үйге тапсырма
4. Сұрақ - жауап
5. Ұлттық ас мәзірі

Гүл көңілің қуаныштан өрілді
Жанарыңнан жалын нұры төгілді
Жыр ұшқындап тұр ғой әне үніңнен
Көпшілікке таныстыршы өзіңді – дей келе сайысымыздың І кезеңіне кезек береміз.
Сайыскерлер өздерін таныстырып өтеді.
Таныстыру сайысына әділ бағасын сұрайды.
Жүргізуші:
Ана – деген адамзаттың данасы
Ана – деген сәбилердің панасы
Ана – деген жарық жұлдыз шырағың
Ана – деген қайнар ыстық бұлағың,- деп аналарымызға арналған ән мен өлендерге кезек берейік.
Ән: «Анашым»
Айзере:
Көктемде көңілді
Құстар кеп жатқанда
Құлпыртып өңірді
Гүл ектік бақтарға.
Гүл ектік аулаға
Көктемде көңілді
Бақта да, бауда да
Ақ гүлдер өрілді.
Біз доспыз гүлдермен
Текке оны жұлмаймыз.
Той күні бір - бірден
Анаға сыйлаймыз.
Насихат:
Анам менің – аялаған ақ гүлім
Анам менің – бақытым мен шаттығым
«Анашым» - деп балаң жырын арнаған
Неге ғана естімеген тәтті үнін
Анам менің – өмірдегі тірегім
Анам менің – кеудемдегі жүрегім
Егер менің қасымда сен болмасаң
Бұл өмірде қалай ғана жүремін.
Жанерке:
Ана дейміз бәріміз де аңқылдап
Ана дейді жас сәби де жарқылдап
Ана деген - бәйтерегі өмірдің.
Ана деген – алтын қазық, алтын бақ.
Ана деген – асыл жандар болаттай
Ана деген – мөлдір жандар бұлақтай.
О, адамдар қадірлей біл ананы
Жат қылыққа ақыл - ойды тонатпай.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама