Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Бала-бақшамен қоштасу. Біз бақытты баламыз
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы,
Форт - Шевченко қаласы, "Балбөбек" балабақшасының тәрбиешісі
Шукирбаева Гулжан Аманкосовна

Біз бақытты баламыз. (Бала-бақшамен қоштасу)
Зал іші әсем безендірілген. Ата - аналар, қонақтар, балабақша қызметкерлері отырады.
Дәулеткерей:
Ақ тілекті ағытып бір тастайық,
Бүгінгі мейрамымызды біз бастайық
Жүздеріңде көркем шаттық арайлы,
Өтсін солай әрбір күнің, әр айың.
Айсұлу:
Бүгінгі күн ерекше ғой қарасақ
Қуануда, үлкен, кіші, бар адам
Түлектерін шығарып сап ұстаздар
Бүлдіршіндер көтерілді бір қадам.
Жақсы тілек, қуанышпен, халайық,
Қадам басар мектепке
Түлектерді қарсы алайық.
Айзере: Біздің сүйікті балабақшамызбен қимастықпен қоштасқалы отырған достарымызды қошеметпен қарсы алайық.
Нұрғиса:
Би билейді талмайды
Әсем әнін арнайды.
Жанерке мен Аселді
Барлық бала таңдайды.
Нұрилла:
Әдепті ол сақтайды
Әділетті жақтайды.
Бекжан және Ернұрды
«Тәртіпті»деп мақтайды.
Мағжан:
Білімді, алғыр, жан - жақты,
Қыздарымыз сымбатты.
Қарақат пен Нұрайдай
Досымыз болар қымбатты.
Аминат:
Ертеңгі күнін ойлайтын
Балабақшадан қалмайтын.
Санжар және Мадияр
Жалқаулыққа бармайтын.
Диляра:
Әзілді жаны сүйеді,
Армансыз олар күледі.
Ғафур және Насихат,
Жып - жинақы жүреді.
Жүргізуші:
Жазбенен жарасыпты дала бүгін,
Қызықтадым бақбағын, лала гүлін.
Еркелетіп туған елдің құшағында
Өтеді балдай тәтті балалығым.
Құрметті әріптестер, ардақты ата - аналар және қонақтар! Бүгін біз тәрбиелеген бүлдіршіндерімізді балабақша ұясынан ұшырып, мектепке шығарып салғалы отырған«Біз бақытты баламыз» атты «Айгөлек» тобының ертеңгілігіне қош келдіңіздер.
Жанерке:
Балабақша, балабақша,
Шаңырағы шаттықтың.
Балабақша қорғанышы,
Балғын сәби жастықтың.
Қуанамыз, сыйлаймыз,
Қуаныштың мың гүлін
Бақшамызбен қимай біз,
Қоштасатын күн бүгін.
Насихат:
Қош балалар бақ қылық
Түстік мектеп жолына
Орнымызды қалдырып
Ересектер тобына
Қош балалар сәт сапар
Бақытты бәрің болыңдар
Жақсы оқып сабақты
Кілең бестік алыңдар.
Ән: «Бақытты балдырған».
Бауырсақ: (секіріп, қуанып келеді). Ой, мен қайда келіп қалдым, бұл әдемі балалар не істеп отыр орманда?
Жүргізуші: Сәлеметсің бе, Бауырсақ бұл орман емес, бұл «Балбөбек»балабақшасы. Сен мұнда қалай келдің?
Бауырсақ: Мен терезенің алдында тұрып, зерігіп серуендеуге шықтым. Менімен бірге серуендеуге кім барғысы келеді?
Жүргізуші: Бауырсақ бүгін бізде мереке, балалар балабақшамен қоштасып мектепке барғалы жатыр. Кел, біздің балалармен ертеңгілікке қатысып көңіліңді көтер.
Ғафур:
Талай - талай баспалдақты аттармыз.
Ата - ананың үмітін де ақтармыз,
Тәрбиеші сізден алған ақылды,
Есімізде өмір бойы сақтаймыз.
Қарақат:
Қоштасып мен бүгін балалықпен
Қоштасамын сыйқырлы бала бақпен
Танысып мектеп деген әлеммен,
Достасамын біліммен, даналықпен.
Нұрайым:
Оқимыз, білім аламыз,
Болашақ жолын саламыз.
Бақшамызбен қоштасып,
Біз мектепке барамыз.
Бекжан:
Мектеп бізді тосты алда,
Сенде енді бос қалма.
Тапсырдық жаңа келетін,
Іні - қарындастарға!
Секіріп, өлең айтып залға қоян келеді.
Қоян: Бұл не жиын, неге жиналып отырсыңдар? Ой, мына жерде Бауырсақ тұр ғой, қандай жақсы болды, қарным сондай ашып келеді.
Бауырсақ: Балалар, мені қояннан құтқарыңдаршы, әйтпесе мені жеп қояды.
Балалар: Қоян, қоян жеме бауырсақты біз саған би билеп береміз.
Қоян: Би... Ендеше билеңдер, бірақ би көңілді болмаса, бауырсаққа көмектесе алмайсыңдар.
Айсұлу: Ендеше бауырсаққа біздер көмектесейік. Қоянға «Көңілді Буратиналар» биін билеп берейік.

Толық нұсқасын жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама