- 03 ақп. 2017 00:00
- 280
Android-ты смартфонның қолданушылары білмейтін 8 түрлі құпия қызметі
Бүгінде смартфон ұстамайтын адам жоқ болар, сірә. Десе де ұялы телефон иелерінің барлығы қолындағы құрылғының пайдалы қызметтерін, таңдандыратын мүмкіндіктерін біле бермейді.
Өз кезегінде Android платформасының 8 түрлі құпия қызметін ұсынамыз. Бізбен бірге біле жүріңіздер!
Смартфон қуатын үнемдеудің ең оңай жолы
Егер Android-ты құрылғыңыздың негізгі бетіне қара не басқа да қаралау фон таңдасаңыз, пиксельдердің автоматты көмексі жарығы сөніп қалады. Мұнан кейін телефон не планшетіңіздің қуаты анағұрлым ұзаққа жететінін байқайсыз. Әзірге бұл функция Android-ты құрылғылардың барлығында қамтылмаған. Бірақ Samsung смартфондарының көбінен аталған функцияны таба аласыз. Тексеріп көріңіз!
Мәтінді дыбыстау
Егер Android-ты смартфон иесі болсаңыз, бұл мақаланы оқып қана қоймай, тыңдай да аласыз. Ол үшін телефон баптауларындағы «Арнайы мүмкіндіктер» тармағын таңдаңып, мәтінді дыбыстап оқу қызметін қосыңыз.
Смартфонды қашықтықтан басқару
Мәзірге кіріп, «Баптаулар ->Қауіпсіздік->Құрылғы әкімгерлерін» таңдап, «Android-ты қашықтықтан басқару» бөліміне кіріп, «Құрылғыларды қашықтықтан іздеу» тармағын белгілеңіз. Егер смартфоныңызды жоғалтып алсаңыз, мына сайт арқылы барлық мәліметті қалпына келтіріп, құрылғыны бұғаттай аласыз.
«Қонақ режимін» қосу
Телефоныңызды әлдекімге уақытша бере тұру қажеттігі туындап, алайда құрылғы жадындағы жеке мәліметтеріңіздің қауіпсіздігін сақтағыңыз келсе, «Қонақ режимін» қолданыңыз. Смартфон дисплейі бетінде екі саусағыңызды төменге сырғытыңыз. Экранда ашылған жылдам баптаулар терезесінен жоғарыда оң жақта тұрған қолданушы белгісін басыңыз. Мұнан соң «Қонақ қосу» қызметі пайда болады. Ол арқылы өзге қолданушылар телефоныңызда қандай қызметтерді қолдана алатынын таңдай аласыз.
Экрандағы лупа
Көзі нашар көретін адамдар Android-ты смартфондардағы аталған қызмет түрінің өмірлерін қаншалықты жеңілдете алатынын біле бермейді. «Баптаулар-> Арнайы мүмкіндіктер-> Ұлғайтуға арналған ишараларды» таңдаңыз. Мұнан соң саусағыңызбен нұқып қана дисплейдің кез-келген аумағын ұлғайта аласыз.
Модем режимі
Түрлі құрылғылар көмегімен интернетке қосылу үшін, міндетті түрде 3G-модем немесе басқа да құрылғы алудың қажеті жоқ. Сіздің смартфоныңыз модем қызметін ұсына алады. Баптаулар мәзіріне кіріп, «Сымсыз желілерді» ішіндегі «Хот-спот» қызметін таңдаңыз. Мұнан соң «Ұялы жедел нүктесі» тармағының жанына белгі қойыңыз. Тамаша емес пе?
Смартфонды басыңыздың қимыл-қозғалысымен басқару
Кейде смартфонды қолдану қажеттігі туындағанымен, қолымыз бос болмайтын кездер болады. Ал Android платформасын жасаушылар бұл мәселенің де шешімін тапқан. EVA FacialMouse тегін қосымшасын жүктеп алу арқылы Android-ты құрылғыңызды басыңыздың қимыл-қозғалысымен басқара аласыз. Қосымшаны смартфоныңызға жүктеу жөніндегі толық ақпаратты мына сілтемеден табасыз.
Жасырын ойын
Google компаниясы смартфондағы Android 2.3 Gingerbread платформа нұсқасынан бастап қолданушыларға кішігірім сыйлық әзірлеген. Оны табу да оңай емес. Google ұсынған жасырын ойынды табу үшін «Баптаулар» мәзіріне кіріп, «Телефон жайлы» немесе «Планшет жайлы» тармағын таңдаңыз. Ондағы «Android нұсқасы» трамағына бірнеше рет жылдам басыңыз. Экранда кішкентай маршмеллоу зефирі пайда болғанда, бірнеше рет үстінен басыңыз. Мұнан кейін арнайы ойын ашылады. Әлі ойнап көрмедіңіз бе?