Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 17 сағат бұрын)
Аңқаулар мен қулар

Баяғыда бір аңқау есегіне мініп сапарға шығады. Келе жатып тауға кез болады. Тауға шығарда есегін аяп, жетектеп алыпты. Мұны екі қу көріп, есекті ұрламақшы болады. Екі қу аңқауға білдірмей келіп, біреуі есектің ноқтасын сыпырып жіберіпті де өзі киіп аңқаудың артынан еріп отырады. Екінші ұры есекті алып кетеді. Аңқау білмейді, өлеңін айтып, қаннен-қаперсіз жүре береді. Біраздан кейін әлгі қу тартынып жүрмейді, аңқау артына қараса, есектің орнында адамды көреді.

— Бұл қалай, сен қайдан келдің? — деп таң қалды.

Қу жігіт:

— Мен сенің есегің болып жүрген адам едім, бала кезімде тентек болыппын, шешем, «есек болғыр» деп қарғап жібергенде мен есек болып қалыппын. Мені сен базардан сатып алдың, бүгін қайтадан шешемнің мейірімі түсіп, «адам болдым», — дейді.

Аңқау бұған сеніп:

— Ал, ендеше, үйіңе бара ғой, — деп босатып жіберіпті.

 


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама