Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Ақан өлеңдеріндегі күйзелісті көңіл-күй
Қарағанды олысы,
Қарқаралы ауданы, Егіндібұлақ селосы.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Машрапова Лаззат Хамитқызы

Ақан өлеңдеріндегі күйзелісті көңіл - күй

Сабақ мақсаты: Жан азасы бейнеленген ақын өлеңдерінің мазмұнын аша отырып, талдау.
Дамытушылық: Оқушылардың танымдық деңгейін көтеру, зерделеу дағдыларын қалыптастыру, шығармашылықпен жұмыс істеуге баулу.
Тәрбиелік: Қазақ халқының өнерімен таныстыру, халық өнеріне, елдің дәстүріне деген патриоттық сезімін қалыптастыру.
Сабақ түрі: іздену - зерттеу
Әдіс - тәсілі: сұрақ - жауап, талдау
Көрнекілік: Ақан сері суреті, интертақта, слайд, үнтаспа, семантикалық карталар

Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру
2. Үй жұмысын сұрау
3. Жаңа сабақ

Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Ер жігітке тән мінезбен болмыс серіліктің тамаша үлгісін қалыптастырып кеткен ақындардың бірі - Ақан сері. Бүгінгі сабағымызды алдымен сал - серілердің бойында болатын қасиеттерді тағы бір еске салып өтсек.
1. слайд. 1. Сал - серілер - әнші де өнерлі
2. Сал - серілер - сазгер әрі ақын
3. Сал - серілер - ер көңіл, жүректі жандар
4. Сал - серілер - сәнді киім, жүйрік ат, қыран құс, алғыр ит иелері.

Осындай қасиеттердің барлығы Ақан бойынан табылады. Ақан ит жүгіртіп, құс салып, саяткерлікпен айналысқан. Ақан аттың жақсысына, құстың алғырына, қыранына, ғашық болған. Яғни, сұлулықты сүйген жан. Бұл оның басқа серілерден ерекшелігін байқатады. Ақанның осы өнерде ажырамас серіктері(Интертақтада тазы, жүйрік ат, қыран құс суреттері көрсетіледі) Ақан сері де Қараторғай деген қыран құс, Көкжендет деген қаршығасы, Базаралы деген құмай иті, атақты Құлагері болады. Серілік құрып ән салып, елінің еркесіне айналған Ақан басында бірінен соң бірі жанындай жақсы көретін құсы, тазысынан айырылады. Ақанның Көкжендеті бір - ақ күнде жоқ болады. Дәл осы сәтте « Көкжендет» әні шығарылады.

2. слайд.
Көкжендеттің суреті, шығарылған әні көрсетіледі.
Ақан сияқты нәзік жанды адамға қолындағы баласындай мәпелеп отырған құсының жоқ болып кетуі жанына қатты батады. Ол аздай көп күн өтпей - ақ қасқырға деген уды жеп Базаралы тазысы өледі. Жұт жеті ағайынды дегендей Құлагерге мініп шабамын деп аттан құлап інісі Айберген қаза болады. Ақанның басына ауыр хал үйіліп төгіледі. Бұл әншінің өмір салмағын ауырлатады.
Жаңа сабақ: Ал енді біз бүгін Ақанның күйзелісті көңіл - күйін білдіретін
Қыран құсы Қараторғай, жүйрік аты Құлагерге арналған өлеңдеріне тоқталамыз.(Оқушының назарын үнтаспаға аударамыз) Міне, бұл ән «Қараторғай» әні. Өлеңнің шығу тарихына тоқталамыз. Атақты Зілқара деген шешен болған. Сол адамның Әлібек деген батыр баласын бір жылда 60 түлкі алатын Қараторғай дейтін құсы қартайып, қанаты түсіп, жерге қона алмай қиналып, құйрығымен еш нәрсе істей алмағасын құлайды екен.
Өлеңді оқытып мазмұнына назар аудартамын.

Сұрақ қойылады: Бір кездегі қыран құстың қазіргі жағдайы қалай суреттелген?
Оқушы жауабы: Қараторғай, ұштың зорға - ай
Бейшара, шырылдайсың
Жерге қонбай,- деп баласындай әлпештеген бүркітіне жан жүрегі езіле аянышты сезімін білдіреді. Қараторғайдың қазіргі жағдайы Ақанды терең мұңға батырғандығын байқауға болады.
Бір қарағанда жай ғана көрінетін осы әннің астында терең трагедия жатыр.
Сұрақ: Ақын қыран құстың аянышты халін суреттеп қана қойды ма бұл өлеңде?
Кітаппен жұмыс:(осы сұраққа өлең мазмұнын оқи отыра жауап береді)
Бірге өскен кішкентайдан беу қарағым
Айырылдым қапияда сеннен неғып – деп өкінішке толы сағынышын ақтарып салған сияқты
Осы жерде салыстырмалы мінездеме жасалады. 2. оқушы жауабы: Қараторғайдың жайын әңгіме ете, әндете отыра басқа да қиялы, арманы барлығын көрсете білген.

Салыстырмалы мінездеме жасайды(интертақтада)

Мұғалімнің сөзі: Қараторғай әні таңғаларлық терең жібектей, әні, тілі бар.
Музыка зертеушілер бұл әнді әр нотасын бір - біріне қосып, әндете, ішкі жан - дүниені тебірентетіндей айту керек.

3 слайд.
Қараторғайдың нотасы көрсетіледі.(ән тыңдалады) Бұл әннің жазылу стилі - полифониялық. Яғни, көп дауысқа арналған аралас хор.
Ақынның келесі әні – Құлагер. Сүйген жары Ұрқия ауырып, дүние салған соң, ақынды ауыр қайғыдан арылтатын тек аты ғана болады. Құлагер талай жарысқа қатысып, бәйгіден бірінші келеді екен. Соның бірі - Алтай - Аққошқар Сайдалының берген асы болады. Осыдан кейін Ақан сүйікті жануарын жетелеп, маңдайынан сыйпап, оның маң - маң басқан жүйрігінің ырғағымен ән шығарған. Ол Құлагерге шығарған алғашқы әні еді. Оған «Маңмаңгер» деп ат береді. Осыдан кейін Ақанның жүйрігі - Құлагер, Құлагердің иесі - Ақан деседі жұрт.

4 слайд
Құлагердің әні түсірілген.(өлеңнің мазмұны алдын - ала оқуға берілген). Оқушылардан өлеңнің шығу тарихы сұралады.
Өлең тақырыбы: "Құлагер"
Шығу тарихы: Ереймен елінде Керей Сағынайдың асындағы бәйгеге Құлагерді қосады. Ақан Құлагерді жасырып апарады, бәйгеге қосылып кетпейінше ешкім білмесін дейді. Өзінің де, құлагердің де жауы бар екенін сезеді. Аңдыған Батыраш - Қотыраштың адамдары ҚҰлагерді ұрып өлтіреді. Оның өлімі Ақанға жара салады, қайғыға - қайғы қосылған сері көңілі елден, ерден қалды ма ұлы Ыбанмен Қоскөлде оңаша өмір сүреді.

Өлеңнің негізгі идеясы: Жүйріктің, сәйгүліктің өліміне шығарған қайғы - зар, жақсының жолын бөгер, тұлпардың жолын тосар, озбыр, зұлымдық

Сұрақтар қойылады (слайдта жазылған)
1. Құлагер трагедиясы ақынға қалай әсер етті?
2. Өлеңде ақынның психологиялық жай - күйі қалай суреттеледі.
3. Өлеңде Құлагер жайы қалай суреттеледі?( Құлагердің бабы, шабысы, сырт кейпі, олжасы, тегі, алған бәйгелердің бәрін көрсетеді
Сыныпқа сұрақ: Ақанның жан - жарасын суреттейтін өлеңінде көңіл - күй өлеңдерінің қай түрі бар?
Оқушы сөзі: Ауыз әдебиетінің түрі, тұрмыс - салт жырларының түрі, көңіл - күйді білдіретін жоқтау бар.

Жоқтау: күрсінеді, күңіренеді, аза тұтады, мұңданады, зарланады, қайғырады, көз жасын көл етеді.
Сұрақтар беріледі: 1. Өздерің айтып отырған ақынның мұң - зары, қайғысының тамыры неде?
2. Дарынды адам, жүйрік ат тағдыры неліктен аянышты аяқталды.

4. Өлеңді оқи отырып қандай сезімді бастан кешірдіңдер? - деп шағын пікір - талас ұйымдастырылады.
Мұғалім сөзі: Құлагерді өлтірушілер бір жағынан жүйріктеріне бой бермейтін тұлпардан құтылғысы келсе, екіншіденАқанды аяққа жыққылары келеді. Олар осы мақсаттарына жетті деуге болады. Шынында да Құлагердің өлімі Ақан өміріне үлкен соққы болады.
Өлеңдегі Құлагердің сыйпатына қатысты қандай көркемдегіш сөздер байқалады.(слайдта көрсетілген сызбаларды толтырады.

Эпитет: Қызыл ауыл, келте жібек құйрығың - ай, қой мойын, қоян жақ, сандал керім
Теңеу: Саптаяқтай
Метафора: Сұңқар, тұлпар

Мұғалім: Жүйрік, бәйге аттың сынын сыйпаттайтын қандай өлеңдерді білеміз. Мысалы Абайдың «Аттың сыны» атты өлеңі. Ақын бұл өлеңде аттың мүшелерін, қасиетін, сынын суреттесе, Ақан да Құлагердің тамаша белгілерін суреттей алады. Бұл жерде Абай мен Ақан сыйпаттауларында үндестік бар.
Еркін жазу стратегиясы

Сөз тіркестері: Ат ізін салмау, Ат ізін құрғатпау, Ат құйрығын кесісті

Түсініктеме: Көптен келмей кету, Жиі келіп тұру, Араздану, қатыспау

Мақал – мәтел: Ер қанаты - ат, Жақсы ат - жақсы серік, Жылқы - малдың патшасы

Мұғалім: Біз бүгін Ақан серінің күйзелісті жан азасы байқататын өлеңдерін талдадық. Құлагердей тұлпарға жырдан ескерткіш орнатқан ақын - Ілияс Жансүгіров еді.

Құлагер қорқырайды қаныменен
Ақын да шырқырайды жаныменен
Егіліп, төгіледі Ақан сері
Зарланған Құлагердің әніменен – деп жырланған ақынның поэмасындағы Ақанның сөзіне, зарына, құлақ салсақ.
Үнтаспа: (Құлагердің басын құшақтап, зарланған Ақанның мұңы тыңдалады)

Сабақты қорытындылау: Халқының дархан әншісі, ардақтысы атанған Ақан серінің өлеңіндегі бұл көрініс - Ақан трагедиясы, оның өткен өмір бейнесі Ақан серіге құлагерге жасалған қатыгездік, оны жасағандар дүниенің сұлулығын түсінбейтіндер.
Ақан азаматтың сұңқары, қызыл тілдің ділмары, жігіттің құлпы жібегі. Осындай ақынның түбіне жеткен заманы, сол кездегі опасыздар,- деп қорытуымызға болады.

Үйге тапсырма: 1. Бес жолды өлең жазу
2. Ойтолғау «Құлагер - жел жетпес жүйрік»
Бағалау

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама