- 26 мам. 2017 00:00
- 320
Ақмола облысындағы мектептің бірінде биыл жалғыз түлек бітірді
Ақмола облысының Аршалы ауданына қарасты Түрген ауылында 11-сыныпты жалғыз оқушы бітіріп шықты, деп 31 арна хабарлайды.
Алексей Деревянконың қатарластары 9-сыныптан соң колледжерге кетіп қалған екен. Осылайша Түрген орта мектебінің мұғалімдері соңғы екі жылдан бері 11-сыныптан тек Алексей Деревянконы оқытып келіпті.
Ал түлектің өзі, алғашында бір сыныпта жалғыз оқу ерсі болғанын жасырмайды. Мектеп бітірген соң, Алексей Қарағандыға барып, автоэлектрик мамандығын оқуды жоспарлап отыр.
Мұғалімдер жалғыз түлекке тіпті мектеп бітіру кешін ұйымдастырып бермек ниетте.
Аудан әкімдігінің сайтындағы мәлімет бойынша Астанадан 72 шақырым қашықтықтағы Түрген ауылында соңғы санақ бойынша 890 адам тіркелген.
-
Сабақ уақытында үй аралауға мәжбүр болып қана қоймай, мектеп басшылығының «тепкісінен» қысым көрген шымкенттік мұғалім елбасыдан араша сұрады деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.