- 26 мам. 2017 00:00
- 419
Автокранның ұзартылған жебелері
Автокранның ұзартылған жебелері Ұзартылған жебенің негізгі жебеден айырмашылығы – негізгі жебенің ажырайтын жеріне әрқайсысы 4 метрден 1/3 немесе 1/2 және түгелдей бір секцияны орнатады. Секциялардың конструкциялары жебенің конструкциясы сияқты. Олардың ұшында диафрагмалар орнатылған. Олар жебенің орнықты жұмыс істеуіне мүмкіндік беріп, жағдай туғызады. Секцияларды негізгі жебеге немесе негізгі жебенің ұшына бұрандалармен және саусақшалармен қосылады. Ұзартылған жебесі бар құрылғы жүк арқанының қорымен, жебе көтергіш полиспастының ұзынырақ тартқышымен және жебенің шығуын көрсететін құрылғысымен ерекшеленеді. Кейбір крандарда жебе полиспастына ұзартылған арқандар қондырылады. Ұзартылған жебесі бар крандар негізгі жебесі бар крандарға қарағанда жүк көтергіші әлдеқайда аз. Осыған байланысты аспалы ілмектегі жүк арқанының сызбасы өзгерген жағдайда шығырлардың саны аз қалуы керек. Керек емес шығырларды алып, аспалы ілмектің осіне екі төлке қойылады. Негізгі жебелерді ұзарту үшін тиісті биіктіктің терезесіне жібереді де, жебенің жоғарғы және төменгі бөліміндегі бекіту бөлшектерін шешеді, ал кейбір жағдайларда жебелі арқандар керіліп, шешіледі. Бөлімдерін орнатқаннан кейін арнайы тесіктеріне бұрандаларын бұрап, саусақшаларын кигізеді. Фланецті түрде қосқанда жебенің ось сызығының жалпы ұзындығы 12 м болғанда 15 мм-ден астам майыспауы тиіс. бұған жету үшін фланецтердің қосылатын жерлеріне реттеуші тығындар салып, келтіреді. Бір жерге үштен көп реттеуші тығын салуға болмайды. Бұрылыстағы құрастыру мен бөлшектеу жұмысы қолайлы болу үшін реттеуші тығындарды бөлімге пісіріп бекіту қажет, ал фланецтер арасына таңбалау жұмысы ұсынылады.