- 26 мам. 2017 00:00
- 290
СҚО-да ҰБТ өткізуге шамамен 7 млн теңге жұмсалады
Өңірде биылғы ҰБТ-ны өткізу үшін 6,8 млн теңге бөлінді.
Облыстық білім беру басқармасы басшысының орынбасары Күлпәш Қалғожинның айтуына қарағанда, аталған қаражат білім беру мазмұнын жаңарту аясында бөлінген.
ҰБТ биыл 20 маусым - 1 шілде аралығында өтеді. Облыста тестілеу тапсыратын 8 пункт ұйымдастырылған.
«ҰБТ тапсыратын орындарға 65 бейнебақылау камерасы мен 7 видеотіркеуіш орнатылды. ІІД-де 48 ұялы байланыс қызметін істен шығатын құрылғы бар. Құрылғылардың техникалық сипаттамасы барлық белгілі жиілікті жоюға мүмкіндік береді», - деді К. Қалғожина.
Биыл ҰБТ жаңа форматта тапсырылады: 3 міндетті сала - математика, оқу сауаттылығы, Қазақстан тарихы және таңдау бойынша 2 пән. Егер түлек шекті деңгейден өтпесе, ол 2017 жылғы тамызда немесе 2018 жылғы қаңтарда қайта тестілеуден өте алады.
Айта кетейік, осы жылы облыс бойынша 3630 түлек орта мектепті тәмандады.