Ақпараттық-инновациялар заманына ілесу – уақыт талабы
Ақпараттық - инновациялар заманына ілесу – уақыт талабы
Қазақ халқының ғұлама ұлдарының бірі Шоқан Уәлиханов «Халықтың кемеліне келіп, өркендеп өсуі үшін ең алдымен азаттық пен білім қажет»- деген. Егеменді ел болып, әлемде ерекше қарқынмен дамып келе жатқан тәуелсіз мемлекетіміз өзінің жарқын белестеріне білім, ғылым, инновациялар арқылы ғана қол жеткізері анық.
Қазіргі заман ақпараттық - инновациялар заманы. Осы заман талабына сай жер - жерде мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру жұмыстары жүріп жатыр.
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев өзінің 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» тақырыбындағы жолдауында Қазақстанның әлеуметтік - экономикалық жаңғыртуы бойынша 10 аса маңызды бағытты айқындап берді. Соның төртінші бағыты – мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыруға арналған. Осы орайда тамыз - қыркүйек айларында азаматтар мен ұйымдардың мемлекеттік қызмет көрсетуге жылдам әрі сапалы қолжетімділігін қамтамасыз ету, ақпараттық - коммуникациялық технологияларды кеңінен қолдану жолымен мемлекеттік органдардың жұмыс істеу тиімділігін арттыру мақсатында электрондық мемлекеттік қызметтерді оқыту ұйымдастырылып, семинар өткізілуде.
Электронды үкімет дегеніміз - ақпараттық - коммуникативтік технологияларды қолданумен мемлекеттік органдар, халық және бизнестік іс - қимыл жүйесі болып табылатын уақытты тиімді пайдалануға, кезекті қысқартуға үйде отырып - ақ біржола жұмысыңды бітіріп, кабинеттік стильді жойып, жемқорлыққа жол бермеуге арналған үлкен жоба. Бұл жоба елімізде тиімді жүзеге асып жатыр. Бүгінгі күні 50 - ден астам электрондық мемлекеттік қызметтерді Қазақстан Республикасының электрондық үкімет e. gov. kz порталынан алуға болады.
Электрондық мемлекеттік қызметтерді алудың негізгі тиімділіктері: уақытты үнемдейсіз(мемлекеттік органға барудың қажеті жоқ, мемлекеттік қызметті үйде, жұмыста алуға болады), мемлекеттік қызметті тәулік бойы қалаған уақытта алуға болады, қызмет 15 - 20 минут ішінде көрсетіледі. Мемлекеттік электрондық қызметтерді алу үшін электрондық үкімет порталына тіркелу және электрондық цифрлі қолтаңба алу қажет. Қолтаңбаны алу үшін ҚР Ұлттық куәландыру орталығының сайтына кіру қажет. Электронды цифрлі қолтаңбаны алғаннан кейін электрондық қызметтерді алуға болады.
Порталда экономика, білім, мәдениет, еңбек, денсаулық, спорт, туризм және адам өмірі қызметінің өзге де салалары бойынша бірнеше мәтіндік бөлімде 2000 нан астам ақпараттық қызмет көрсетіледі. Мысалы, «Білім бөлімінен білім заңнамасы, елдегі алдыңғы қатарлы оқу орындары, пайдалы сілтемелерді, білім беру бағдарламаларын және мемлекеттік органдар туралы толық ақпарат таба аласыз.
БҰҰ - ның әр екі жыл сайын өткізілетін ғаламдық зерттеу деректеріне сәйкес 2012 жылы Қазақстан 8 - деңгейге көтеріліп, (2010 жылмен салыстырғанда) 192 орынның ішінде 38 - орынға ие болды. Бұдан өзге онлайн – қызмет индексі 10, телекоммуникация инфрақұрылымының индексі14 – деңгейге артты. Е - қатысу индексі бойынша Қазақстан Сингапур елімен бірге екінші орынды иеленді.
2013 жылдың басына қарай әлеуметтік маңызға ие қызметтердің 60%- ын, 2014 жылға қарай – 100%- ын электрондық нұсқаға көшіру көзделуде. Сонымен бірге, 2012 - 2014 жылдары «Электрондық үкімет» порталының архитектурасы мен шлюзін модернизациялау және тұрақтандыру, ықпалдастырылған қызметтерді іске асыру, Android және IoS платформаларына арналған «Мобильдік үкімет» қосымшасын әзірлеу жұмыстары жүргізілуде.
Аудан әкімдігі мен аудандық білім бөлімінің қолдауымен №30 орта мектеп базасында оқыту жүргізіліп жатыр. Оқытушы - тренер Еркін Сұңғатов тамыз айында аудан тұрғындарын, қыркүйек айында аудан мектептерінің мұғалімдерін электронды мемлекеттік қызметтерді алуды оқыту бойынша семинар өткізіп, аудан халқын мемлекеттік қызмет алуға үйрету жұмыстарын жүргізеді, алдағы уақытта жүргізе береді.