Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Тәуелсіздік - теңдесі жоқ байлығым
Тәуелсіздік - теңдесі жоқ байлығым

Мақсаты: Оқушыларға білім бере отырып, сонау тереңде жатқан туған топырағының тарихын таныту. Егемендіктің мәнін түсіндіріп, Отаны үшін отқа түсетін азамат тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Тәуелсіздік күніне арналған қабырға газеті, ұрандар жазылған плакаттар, Тәуелсіздік батырларының портреттері, слайдтар.

Мұғалім: Бүгінгі сабағымызда біз, жер басып жүрген барша халықтан бір қарағанда айырмашылығы жоқтай көрінгенмен, айтар ойы мен сөйлер сөзі бөлек, басқалардан шоқтығы биік тұрған адамдар туралы айтпақпыз. Ол кімдер? Олар жарқ етіп сөнген жасындай, аз ғана ғұмыр кешсе де, өмірдің бар қызығын тәрк етіп, бүкіл күш - қуаты мен жастық жігерін, махаббатын туған халқына арнаған абзал азаматтар. Ежелден - ақ батыры мен биі, ақыны мен серісі, ақылманы, данышпаны көп халық едік қой.

Шоқтығы биік Шоқаннан бастап, поэзия көгінде алаулаған Сұлтанмахмұт, батыр ұлдар Төлеген мен Талғат. Шығыстың қос жанары Мәншүк пен Әлия есімдері аталмаған әпке - ағаларымыздың ізін басқан бүгінгі ұрпақтардың жадында мәңгі сақталатын Қайрат, Ләззат, Ербол, Сәбира сынды батырларымыз тұрса, олар жайлы әлі талай жыр туар, талай дастандар жазылуы сөзсіз.

Ия, 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы республиканы толық қамтыған саяси - әлеуметтік көтеріліс болды. Желтоқсан жаңғырығы Алматы, Өскемен, Маңғыстау қалаларында және Қазақстанның басқа аймақтарында жалғасып жатты.
1 - жүргізуші
Ассалаумағалейкум, халқым менің!
Ардақта дәстүріңді, салтыңды, елім.

2 - жүргізуші
Армысыздар, құрметті ұстаздар мен тәуелсіз еліміздің ұлағатты ұрпақтары. Бүгін Отанымыз Қазақстанның тәуелсіздігіне арналған « Тәуелсіздігім теңдесі жоқ байлығым» атты тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз.
Дәурен.
Жалғасып соғыс өрті ғасырларға,
Біз көрдік қас дұшпанның балтасын да.
Еліме тәуелсіздік келіп жетті,
Мың жылдық күрестердің арқасында.
Рамазан:
Республика! Ерікті ел Тәуелсіздігім,
Келді ақыры көп күткен күн алыстан,
Келді ақыры аңсаған, армандаған,
Кең құшағын жайғандай сағым далам.
Гүлназ:
Мен Қазақпын қаныммен, жүрегімен,
Сән - салтымды сүйемін, сүйемін мен.
Бақ орнатып, өз үйім, өз еліме,
Мұрагері боламын жерімнің де.
1 - жүргізуші
Иә, бұл күнге жету үшін ата - бабамыз қаншама қанын төкті, жанын берді. Бүкіл жеріміздің тұтастығын сақтап ұрпағына мұра етті.

2 - жүргізуші
Осы уақыттар ішінде қазақтың өр ұлдары мен қыздары көбеймесе азая қоймапты. Оның айғағы осыдан 27 жыл бұрын ел намысы үшін жанын қиған желтоқсандықтар еді.
Нұртілеу:
Желтоқсан – тарихымда әйгілі күн,
Ерттеп мініп ар - ождан сәйгүлігін,
Ерлерім елдік үшін атай салып,
Еншілерін қайтарған бәйгілі күн.
Әлия:
Желтоқсан – тағдырларға азалы күн
Қайраған намыстарын азалы - мұң,
Қыршынынан қиылған боздақтары,
Қалар мәңгі есінде Қазағымның.
Жансая:
Желтоқсан - қайсар ерлік, қуатты күн,
Жігер оты маздаған тұрақты ұғым.
Тәуелсіздік билігі қолға қонған,
Тәңірімнен келгендей шуақты күн.
Марлен:
Желтоқсан - жадымызда жатталған күн,
Жастарым жапа шеккен азалы күн.
Еркіндік, егемендік, елдігімді;
Емірене аңсады адамы мың.
Күй: «Сарыарқа»
Бекзат: Жаның қамауда қалғанда, арың талауға түскенде араша болған Тәуелсіздік!
Меруерт: Барың тоналғанда, асылың жоғалғанда қайтарып берген Тәуелсіздік!

Ән: «Атамекен»
Мұғалім: Ғасырлар бойғы езгіге қарсы тұрған қазақ халқы Мәскеудің өктемдігіне наразылық білдіріп, табанға тапталып бара жатқан тілі мен дінінің, ұлттық болмысының сақталуына жүрек бұлқынысын білдірген 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына биыл 27 жыл толды. Алаңға шығып, өз ойларын айтуға тырысқан қазақтың өрімдей қарусыз жастарына мұздай құрсанған солдаттар мен полиция қызметкерлері қарсы қойылды. Қыз - жігіттерді аяусыз таяққа жықты, түрмеге қамады. Қайрат, Ләззат, Ербол Сәбира сынды жаңа ғана есейіп келе жатқан тал шыбықтай жастарымыздың өмірі көктей солды.
1 - жүргізуші:
«Ар намысым, қасіретім қуанышым - Желтоқсан» оқиғасының қаһармандары: Қайрат, Ләззат, Ербол Сәбираларды еске алуға бір минуттік үнсіздік жарияланады.

2 - жүргізуші:
Тағдырдың бар қилы - қилы көз жіберсем өткенге,
Тарихың бар тасқа түскен таңбадай.
Тәңір Ием тыныштығымды алмағай.
Жұбанышым қақтырған қанатымды,
Елім күткен осынау Тәуелсіздік,
Жыр болып түлеп ұшсын жүрегімнен!

Мұғалім:
Қазақ елі егеменді ел болды,
Өзге елдермен терезесі тең болды,
Қарқынымен тура тартып келеді,
Достық туы желбіреп тұр желбіреп,
Ел болады мойындатар әлемді
Деп, нақтылап айта аламын сеніммен!
Тәуелсіз еліміздің болашағы сендердің қолдарында. Сондықтан ел үмітін ақтау үшін жақсы оқып, адал еңбектеніп Отанына шын берілген азамат болып өсіңдер демекпін.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама