tengrinews.kz
- 13 нау. 2026 03:30
- 31
АҚШ-та синагогаға шабуыл жасаған ер адам қаза тапты
АҚШ-тың Мичиган штатында ер адам көлігімен синагогаға соқтығысып, кейін қауіпсіздік қызметкерлерінің оғынан қаза тапты. Бұл туралы жергілікті полиция мәлімдеді. Оқиға Детройт маңындағы Уэст-Блумфилд қаласындағы Temple Israel синагогасында болды. Бұл ғимаратта балабақша мен мектеп те орналасқан.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Полицияның хабарлауынша, көлік синагоганың қақпасын бұзып өтіп, ғимаратқа кірген. Оқиға кезінде ғимаратта қызметкерлер болған. Қауіпсіздік қызметкерлері күдіктіге оқ жаудырып, ол оқиға орнында көз жұмды. Көліктің артқы жағынан көп мөлшерде жарылғыш заттар табылған.
Бұл оқиға АҚШ-та еврей қауымдастығына жасалып жатқан шабуылдардың көбейіп кетуіне байланысты алаңдаушылық тудырып отыр. Соңғы кездері синагогалар мен еврей мектептерінде қауіпсіздік шаралары күшейтілген.