Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Ақша дауы

Біреу ақша даулап, Қожанасырды қазыға шақыртады.

Қожа:

— Астымда атым, үстімде шапаным жоқ. Бармаймын, — дейді.

Ақы иесі Қожаға өзінің ат, шапанын бере тұрады. Екеуі қазыға барады.

— Қожа, мына кісінің сенде аласы ақшасы бар ма? — дейді қазы.

— Жоқ, тақсыр, бұл өзі сондай пәлеқор адам. Ақша даулағаны былай тұрсын, ол қазір менің атым мен шапанымды да менікі деп айтады, — дейді Қожа.

Айтқанындай-ақ талапкер:

— Иә, тақсыр, ат пен шапан да менікі, — дейді.

— Әне, көрдіңіз бе, тақсыр? — дейді Қожа.

Қазы дауды Қожаның пайдасына шешеді. Ақша даулаған сабаз ат, шапанынан да айрылады.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама