Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Әңгіме сәлдеде тұрса...

Қожанасыр басына сәлдесін орап, көшеде келе жатады. Біреу қарсы кездесіп:

— Тақсыр, мына хатты оқып беріңізші! — деп жалынады.

Қожа:

— Хат білмеуші едім. Оқи алмаймын, — дейді.

— Басыңызда сәлдеңіз бола тұрып, хат білмеуіңіз қалай? — дейді.

Қожа өз сәлдесін оның басына кигізе қойып:

— Әңгіме сәлдеде болса, ал өз хатыңды өзің оқи ғой! — депті.

 


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама