Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Ақтық сөз
Сценарий тақырыбы: Ақтық сөз
(Желтоқсан көтерілісінің құрбаны, Халық Қаһарманы Қайрат Рысқұлбековтың өмірінен)
«Ақтық сөз» бес көріністі инцинировка (мектеп сахнасына арналған.)
Қатысушылар:
Қазақ жастары.
Жасақшылар.
Қайрат- Алматы сәулет иниститутының стуенті.
Құттыбек- Қайратпен бірге ұсталған, түрмеде бірге отырған жігіт.
А.Дубаев- тергеуші.
Түрме қызметкері.
Жазушы.
Тергеуші –екіншісі.
Ұрпақ- оқушылар.

Инцинировканы жазуға жазушы Коммунар Табейдің «Қайсар рухты қазақ» атты еңбегі пайдаланылды.
1-Көрініс.
«Елім- ай» әнінің әуені. Сахна ашылады.
1986 жыл, желтоқсан айы. Алматы. Республика алаңы.Алаңда қазақтың өрімдей жастары.
Жастар. Өз басшымыз өзімізге!
Біз Колбинге қарсымыз!
Қазақты қазақ басқару керек! (Дауыстары зілді, нық, алға қарай ұрандатып, шерулетіп келеді.)
Бұлардың алдарынан толық мұздай қаруланған, дубинка, таяқ, жетектеген иттері бар жасақшылар шығады.Бірден қым- қуыт жағдай орын алады.Бейбіт жолмен шеруге шыққан қазақ жастарын қолдарындағы қаруларымен ұрып құлатып, боқтық сөздерімен де намысқа тиюде. Қыздарды шаштарынан сүйреп, жігіттерді тепкінің астына алуда.
Жасақшы. (Қайратты ұстап алып.) Ты, нацист, кого хочешь обмануть,что, не нравится русские. Да, тебя учили, кормили, теперь ты хочешь перевернуть Советскую власть, молокосос! За 70 лет Советскую власть никто не мог перевернуть тебе куда!? (сөзбен де, ұрып соғып та намысын таптап, сүйрелей жөнеледі.)

2-көрініс.
(«Желтоқсан желі») әнінің әуені.
Сахна ашылады. Камера іші. Өте көңілсіз, сұрқай. Камерада Қайрат пен Құттыбек. Үстеріндегі кимдері жыртылған, бет-ауыздары ісіп, жараланған.
Қайрат. Құттыбек, ертең бәріміз шығамыз, бүгін бізді ұрып- соғып қорлағандар әлі- ақ жауап береді. Заң алдында, Ар алдында, Алла алдында!
Құттыбек. Иә, Қайрат, айтқаның келсін! «Үмітсіз шайтан» деген, үміттенеміз! Алдан жақсылық күтеміз ғой.
Темір есік сықырлап ашылды.
Түрме қызметкері. (Қайратқа.) Бол, тұр. Жауап алуға шақырып жатыр.(Қолына кісен салып алып кетеді.)

3-көрініс.
Тергеушінің алдында.
Тергеуші.( А.Дубаев.) Жасақшы Савицкийді өлтіргеніңді мойныңа ал. Бәрібір, мойныңа алдыртамыз, иттің баласы.
Қайрат. Иә, мен сіздерден жасырмаймын, 18 желтоқсан күні алаңға бардым, барғанда, біріншіден, ол жерде не болып, не істеп, не қойып жатқанын көзіммен көрейін дедім. Екіншіден, « алаңда қазақтың уыздай жас қыздарын ұрып-соғып, өлтіріп жатыр» дегенді елден естіген соң, қарап отыруға еркектік намысым жібермей, әйел затына ер болып, өз қол ұшымды беріп көмектесуге барғаным рас. Оған өш өкінбеймін, керсінше, мақтанамын. (кішкене тоқтап.) Әйелге айуандықпен қол көтеріп, шашынан тартып, көкпарша сүйрелегені үшін, бір милицияны ұрғаным да рас. Бірақ оған ештеңе болған жоқ, дін аман. Менің бар қылмысым – осы ғана. Адам өлтірген жоқпын. Ол- жала.
Тергеуші. Сен не деп оттап тұрсың, иттің баласы, нацист.Одан да өлтірдім деп айта сал. Жазаңды өтегесін түрмеден шығасың, тірі қаласың.
Қайрат. Жоқ! Жоқ!Мен істемеген ісімді «істедім» деп мойныма ала алмаймын.
Тергеуші. Онда су түбіне кетесің, сволощ! (Қасындағыларға ымдайды.) Олар Қайратты бас көзге қарамай төпелей бастайды. Қайрат талып қалады. Оны сүйрелеп камераға алып кетеді.

4-көрініс.
Тағы да сахнада « Елім- ай» әнінің әуені.
Камерада отырған Қайрат. Әуенмен қатарласа Қайраттың «Ақтық сөзі» естіліп тұр.
Иә, жұмыр басты пендеге ақыры бір өлім. Менің жазықсыз екенім бір Аллаға ғана аян. Елім, халқым үшін жаным садақа!
Елбең- елбең жүгірген,
Ебелек отқа семірген,
Арғымақ мінген жаратып,
Ақ сауыт киген темірден.
Алатаудай, бабалар,
Ұлы көсем бабамыз
Қатарға тең деп тартқан соң,
Компартия басқарып,
Достық отын жаққан соң,
«Аға!» дедік орысты
Әділдігі жаққан соң.

Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы,
№7 Е.Халықов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жұмағалиева К.А.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама