Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Тәмпіш қара повесінен үзінді
С.Сарғасқаев «Тәмпіш қара» повесінен үзінді
Мақсаты:
Білімділік - жазушының өмірі мен шығармашылығы турасында қысқаша түсінік беру, повестен үзіндіні оқып, жоспар құруға дағдыландыру, жоспар бойынша түсінік айту, өз сөздерімен жеткізе білу мүмкіндіктерін арттыру;
Тәрбиелік - мәтіндегі кейіпкерлер бойындағы қасиеттерді үлгі ету, адамгершілікке, үлкенді сыйлауға, достыққа татулыққа, өнерді, еңбекті сүюге, жаман қылықтан аулақ болуға тәрбиелеу;
Дамытушылық – көркем шығарманы талдау, мінездеме беру, қазіргі өмірмен байланыстыру, салыстыру, шығармашылық ойлау, қиялдау қабілеттерін, сөздік қорларын дамыту.
Көрнекілігі: жазушы портреті, слайд, үлестірмелі кеспе қағаздар, А 3, түрлі-түсті қаламдар, т.б.
Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, топтастыру, ой қозғау, сұрақ-жауап, әңгімелеу, «түртіп алу».
Сабақ түрі: аралас.
Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ тілі, ән.
Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: мәтінмен алдын-ала , оқып танысу.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру. Оқушы зейінін сабаққа аудару, 1,2,3 деп санау арқылы үш топқа бөліну.

Жүргізілетін жұмыстар:
1- басқыш. Мұғалімнің әрекеті. Жазушымен танысу. Мұғалім слайдты пайдалана отырып, жазушының өмірінен, қызметінен қысқаша түсінік береді.
Қазақ балалар әдебиетінің көрнекті өкілі С.Сарғасқаев
2-басқыш. Тәмпіш қарамен таныстыру.
3-басқыш. Оқушылардың әрекеті. Жоспар оқылады.
Сұлутөр ауылы.
Қырмандағы жаңалық 1-топ.
Су жағасындағы шатақ. 2-топ.
Әдепті бала. 3-топ кезектесіп барлық топ оқушылары түсіндіріп шығады.

4- басқыш.Топтық тапсырмалар. Үлестірмелі кеспе қағаздармен жұмыс. «Тәмпіш қара» кітабының макеті арқылы іске асырылады. Барлығы он екі тапсырма жазылған он екі кітапша.
Мұғалім тапсырмаларды слайд арқылы оқушыларға таныстырады.
1- кітапша «Тәмпіш қара», тапсырмасы: Повестің «Тәмпіш қара» аталуының себебін түсіндіріп көр, тапсырмасы;
2-кітапша « Мағынаны ажырат», тапсырмасы: « Қырман», «пионер», «колхоз» сөзінің мағынасын түсіндір.
3-кітапша «Қызыл галстук», тапсырмасы: Ол кезде оқушылар неге қызыл галстук таққан, қазір сіздер көк галстук тағасыңдар, неге?
4-кітапша «Көшбасшы», тапсырмасы: Тәмпіш қара ауыл балаларының өмірін өзгертті, оның ауыл балаларынан артықшылығы неде? Кітап тақырыбын басшылыққа ал.
5-кітапша «Мінездеме», тапсырмасы:Тәмпіш қара – Шаншатайға мінездеме бер.Мәтінді пайдалан.
6-кітапша «Қасиет», тапсырмасы:Тәмпіш қараның бойындағы қасиеттерін топтастыр.
7-кітапша «Үйретуші», тапсырмасы: Шаншатайдың орнында болсаң, балаларға қандай өлең үйретер едің? Әннің бір шумағын орындайды.
8-кітапша «Есебін шығар», тапсырмасы: Кейіпкерлер өсе келе Ұлы Отан соғысына қатысыпты.Қазіргі уақытта олар нешеде болуы мүмкін?
9-кітапша «Сөз өнері», тапсырмасы: Тәмпіш қараның орнында болсаң, балаларға не үйретер едің, неге?
10-кітапша « Ертай»,тапсырмасы: Ертайға мінездеме бер.
11-кітапша «Салыстыр», тапсырмасы: Жазушының балалық шағы мен өзіңнің балалық шағыңды салыстырып көр.
12-кітапша «Бізге үлгі», тапсырмасы: Басты кейіпкердің бойында өзіңе үлгі алатындай жақсы қасиеттер бар ма, Шаншатайға қызығасың ба?
Осы тапсырмаларға нақты жауап алынғаннан кейін, оқушылар үзіндінің тақырыбы мен идеялық мазмұнын ашады.
5-басқыш. Қорытынды. Сонымен тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні:
Тақырыбы:1- топ жауап береді. Ауыл балаларының өмірі, ауыл тынысы.
Идеялық мазмұны,бере тәлімі:2- топ - Адамгершілікке, үлкенді сыйлауға, білім үйренуге, еңбексүйгіштікке, жақсыдан үйренуге баулу.
Берер тәлімін ашатын нақыл сөздер: 3-топ - Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей. Өнерлі өрге жүзеді.Бірлік болмай, тірлік болмас.
6-басқыш. Бекіту. «Түртіп алу» кестесі: Білемін - V; Білмеймін - +; Білгім келеді -?
7-басқыш.Бағалау. 1-топ 2-топты, 2-топ 3-топты, 3-топ 1-топты бағалайды.
8-басқыш. Үйге тапсырма:1. «Үлгілі оқушы келбеті»- эссе;2. Мәтіннен көркем образды сөздерді, мақал-мәтелдерді тауып жазып келу.

Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы,
№7 Е.Халықов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Дайындаған: Жұмағалиева К.А.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама