Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 28 минут бұрын)
Ақтөбеде прокуратура қызметкері ұсталды: не белгілі?

Ақтөбе облыстық прокуратурасы қызметкерінің ұсталғаны туралы ақпаратқа ресми түрде түсініктеме берді. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі хабарлайды.

Ресми мәліметтерге сәйкес, прокуратура қызметкері сотқа дейінгі тергеу аясында ұсталған. Бұл операцияны Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің орталық аппараты мен Бас прокуратураның жеке қауіпсіздік департаментінің қызметкерлері бірлесіп жүргізген.

Бас прокуратураның баспасөз қызметінің хабарлауынша, ұстау шарасы 17 ақпан 2026 жылы болған.

Тергеу амалдары жалғасуда

«Қазіргі уақытта тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Сотқа дейінгі тергеуге қатысты басқа да мәліметтер ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жарияланбайды», - деп хабарлады Ақтөбе облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі.

Ведомство қызметкердің лауазымы, процессуалдық мәртебесі немесе қозғалған қылмыстық іс бойынша бабы туралы нақты ақпарат бермеді. Бұған дейін БАҚ-та прокуратура ғимаратының автотұрағында 10 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікпен ұсталғаны туралы ақпарат тараған болатын.

Жаңалықтар

Жарнама