- 06 ақп. 2023 00:00
- 169
Әр университет ҰБТ-дағы шекті балды өзі белгілейді
Түлектер оқуға құжат тапсырмастан бұрын жоғары оқу орындарының шекті балын біліп алғаны жөн. Бұл жайында Ұлттық тестілеу орталығынң директоры Руслан Емелбаев мәлім етті.
Оның айтуынша, әр университеттің өз шекті балы болады. Бұл құқық оларға 3 жыл бұрын берілген.
«Бір оқушы математика пәнінің мұғалімі болғысы келеді деп алайық. Ол ҰБТ-да жинаған 80 балымен ұлттық университетке ақылы бөлімге түскісі келеді. Өздеріңіз білетіндей, «Педагогикалық ғылымдарға» шекті балл – кемінде 75 балл, ал ұлттық ЖОО-ларға – кемінде 65 балл. Оқушының жинаған ұпайы жетіп тұр. Алайда, ол университетте оқушының оқығысы келген мамандыққа шекті балл 85-тен басталады. Демек, оқушыға шекті балын 80-ге дейін белгілеген университетті іздеу керек» дейді Руслан Емелбаев.
Ал енді бұл балдарды алдын ала қайдан білуге болады? Оны университеттер өздерінің сайтына жариялайды немесе қабылдау комиссиясының жұмысы басталған уақытта кеңес береді.
Сонымен қатар арнайы талапкерлер үшін testcenter.kz сайтында және Telegram арнасында осы ақпарат ұсынылады.