Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Арақты бітіру үшін іштім

Бір күні Сақи Қойшыбайдың үйіне кіріп келсе, Қойшыбай үлкен күйеуі — Үкілі, кіші күйеуі — Жамбыл, немере інісі — Ауесхан, өз баласы — Мендібаймен қосылып, арақ ішіп отыр екен. Оған Сақи: «Сенде жұмысым бар еді» деп алып шығып:

— Сен сексенге таянғанда, балаларыңмен, күйеулеріңмен қосылып арақ ішіп, жындандың ба? — десе,

— Ай, Сақи-ау, мен сол арақты ішкісі келіп, ішеді деп ойлаймысың? Жастар ішеді-ішеді де мас болады, көшеге шығады, содан ұят келтіреді. Дүкенде арақ жоқ, мына барлығы төрт шыны арақ, соны бітіру үшін іштім, — депті.

 


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама