Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Өкініш

Ерте кезде бір көзі соқыр баланы басқа балалар керісіп қалғанда: «соқыр, соқыр» деп келемеждейді екен. Бір күні бала ызаланып шешесіне келеді де:

— Апа, айтыңызшы, менің көзіме не болды? Қалай шықты? — дейді.

Сонда шешесі:

— Екі-үш жасар шамасындағы кезің еді. Бір күні «пышақ бер» деп жылап қоймадың. Сонан соң қолыңа пышақ бердім. Сонымен ойнаймын деп жүріп, көзіңе тигізіп алдың. Содан болды, — дейді.

Баласы сонда өкінішке аһ ұрып:

— Әй, апа-ай, неге ғана бердіңіз екен? Жыласам, мықтағанда бір күн жылайтын едім ғой. Енді, міне, өмір бойы жылатып қойдыңыз-ау! — деп өкініпті.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама