Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
Арманыма бір қадам...

Кез келген адамның арманы болары анық. Ал сол арман бізді белгілі бір мақсатқа жетелейді. Ол арман – адаммен бірге өседі, өркендейді. Дәл солай, менің де балалық шағымның үлкен бір арманы бар, ол – журналист болу еді. Теледидарда, түрлі бағдарламаларда, радио желісінде сөйлеп жатқан аға-әпкелерімнің сөйлеу мәнеріне, ойды жеткізу тәсілдеріне ғашық бола бастадым. Журналист - сөзге шешен, ұшқыр ойлы, жан дүниесі әсем, кез-келген адаммен сөз табыса алатын, қарапайым, білімді адам. Менде сондай жан болғым келеді. Абай атамыздың «Сен де бұл кірпіш дүниеде, кетігіңді тап та, бар қалан» деген сөзімен айтсақ осы өмірде елдің дамуына үлес қосып кірпіш болып қалансам деймін. Себебі, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысында «...кез келген мемлекет үшін адами капитал басты өлшемге айналды. Осы орайда біліктілік мәселесі айрықша маңызға ие. Әр азамат өзінің жеке жетістігі арқылы бүкіл елдің табысты болуына, өсіп-өркендеуіне үлес қосады»- деген болатын. Менде білікті кәсіби деңгейдегі журналист болғым келеді. Ол үшін әрине кәсіби мамандар даярлайтын оқу орнында білім алуым керек. Журналист мамандарын еліміздің көптеген жоғары оқу орындары даярлайды бірақ менің таңдауым Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті болды. Неге? Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті өйткені, Қазақ журналистикасының даңғыл жолы дәл осы, Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетінен бастау алады және аталмыш оқу орнында елімізге танымал тұлғалар білім алған әрі оқу орынының орналасқан жері де кез келген мен сияқты ауыл баласын мен мұндалап тұрғандай көрінеді. Әсем қала Алматының аспанмен таласа жатқан таулары мен оқу орнының қалашығы да кез-келген жасқа арманын шындыққа айналдыруға керемет мотивация берітіні сөзсіз.

Ендеше, арманыма бір қадамды еліміздің үздік университеті Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика мамандығына жасадым. Мен журналист болғым келеді!

Қамат Әділет Теміржанұлы


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама