Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 5 минут бұрын)
Армения жаңа соғысқа дайындалып жатыр ма? Пашинянның мәлімдемесі елді дүрліктірді

Армения премьер-министрі Никол Пашинян елдегі оппозицияны жаңа қарулы қақтығысты тудыруға тырысуда деп айыптады. Бұл туралы ол брифингте мәлімдеді. Пашинянның айтуынша, оппозиция бейбітшілікке қарсы емеспіз деп айтқанымен, билікке келсе, келісімдерді қайта қарайтынын айтып жүр. Бұл ұстаным соғыстың бастауына әкелуі мүмкін екенін премьер ерекше атап өтті.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

«Бұл – соғыс!»

«Олар бейбітшілікке қарсы емеспіз, бірақ билікке келсек, бейбіт келісімді қайта қараймыз дейді. Мен бұл – соғыс екенін ашық айтқым келеді», - деді Пашинян.

Армения басшысы мұндай мәлімдемелердің жауапкершілікті сезінетін саясаткерлердің ұстанымына сай келмейтінін айтты. Сондай-ақ, ол мұндай сөздерді шет ел күштері жаздырып, ішкі оппозиция тек оқып отырғанына сенім білдірді.

Бұған дейінгі келісімдер

Бұған дейін Армения Әзербайжанмен бейбіт келісімнен бас тартқан болатын. Республиканың бұрынғы президенті Роберт Кочарянның айтуынша, Бакумен жасалатын келісім тек қауіпсіздік кепілдіктеріне негізделуі тиіс.

2025 жылдың 8 тамызында Пашинян мен Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев АҚШ президенті Дональд Трамптың қатысуымен Вашингтонда бітімгершілік туралы декларацияға қол қойған еді. Келісімге сәйкес, АҚШ бақылайтын дәліз арқылы Әзербайжанды Армения аумағы арқылы Нахичеванмен байланыстыратын «Трамп дәлізі» ашылуы керек болған.

Жаңалықтар

Жарнама