Асан Қайғы "Бұл заманда не ғаріп?", "Есті көрсең кем деме"
Әдебиет 9 сынып
САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: Асан Қайғы "Бұл заманда не ғаріп?", "Есті көрсең кем деме"
САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ: Топтық жұмыс арқылы ұлы жыраудың өмірі мен шығармашылығымен таныстыру, ұлы жырау өмір сүрген кезеңдегі тарихи - әлеуметтік жағдайды ашу.
КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ
Топтық жұмыс негізінде ынтымақтаста жұмыс жасап, өзгелерді оқыту арқылы есте сақтау қабілеті дамиды.
ТҮЙІНДІ ИДЕЯ
Таза мінсіз асыл тас,
Су түбінде жатады.
Таза мінсіз асыл сөз,
Ой түбінде жатады.
Су түбінде жатқан тас,
Жел толқытса шығады.
Ой түбінде жатқан сөз,
Шер толқытса шығады
Әдіс - тәсілдер: Тренинг, венн диаграммасы, бес жолды өлең, ұйқасын тап, еркін жазу стратегиясы, сатылай кешенді талдау, автор орындығы
Қолданылатын ресурстар: Оқулық, маркер, стикер, ватман, ноутбук, суреттер, кеспе қағаздары, бағалау парақшалары, смайликтер
Сабақ кезеңдері Сабақтағы іс - әрекет
Кіріспе (сабақ басталмас бұрын оқушылар алдын - ала нені білетіндігін анықтау жұмыстары)
Оқушылармен амандасу
"Жағымды сөз" тренингі
Сынып оқушылары шеңбер бойымен тұрып, бір - бірінің жақсы қасиеттерін айтады. /Үш шапалақ/
Топқа бөлу: екілік санау жүйесі
Топ басшысын сайлау
Топ басшысына бағалау парағын тарату
Үй тапсырмасын сұрау
А) Постер қорғау
Тақырыбы: Жыраулар поэзиясы / "Екі жұлдыз, бір тілек"/
Б) Қосымша тапсырма
Асан Қайғының Жерұйқты іздеуі /5 - сынып өткен білімдерін еске түсіру/ /Үш шапалақ/
Үй тапсырмасын бекіту
"Венн диаграммасы"
• Жыршы
• Ұқсастығы
• Жырау
Жаңа материалдың таныстырылымы (оқушылардың жаңа тақырыпты оқып - үйренуі үшін қолданылатын жұмыс түрлері)
Жаңа сабақ
Мұғалімнің түсіндіруі
Асан Қайғы туралы мәлімет: Асан Қайғы (шын аты - жөні Хасан Сәбитұлы XIV ғ/ң 2 - жартысында, Еділ бойы – т. ө. ж. белгісіз) – қазақ жырауы. Алтын Орданың ыдырауы дәуірінде өмір кешкен. Асан Қайғы ілкіде Сарайда, біраз жылдардан кейін Қазандағы Ұлығ - Мұхаммед ханның жанында болған. XV ғ/ң 50 - жылдарында Дешті қыпшаққа қайта оралып, Керей, Жәнібек бастаған қазақ хандығының ақылшы биі болды. Толғауларына қарағанда елдің Еділ, Жайық, Жем өңіріне қоныс тебуін қалағаны байқалады.
Шоқан Уәлиханов Асан Қайғыны «Көшпенді қазақ, ноғай ұлысының философы» деп атаған. Ел аузындағы аңыздарда да Асан Қайғы халқының қамын ойлап күңіренген абыз - жырау ретінде танылады. Ол малы мен жаны кемтарлық көрмей «Қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған» жайлы қоныс іздейді. Елінің тыныш, бейбіт, бақытты болуын көксейді. Дүниедегі сондай «жерұйықты» іздеп, Асан Қайғы желден жүйрік желмаямен жердің жеті бұрышын кезеді. Болған, көрген мекендерінің бәріне де баға беріп, пайдалы және жағымсыз жағын саралап айтып отырады. «Жерұйықты» таба алмай, әбден қалжырап, Ұлытауға жеткенде дүние салады.
Постер қорғау
Оқушыларға Асан Қайғының екі өлеңін беру
І топ: "Бұл заманда не ғаріп?" /Сатылай кешенді талдау/
ІІ топ: "Есті көрсең, кем деме" /Бармақпен бағалау/
Сергіту сәті "Балапандар биі"
Жаңа материалды қолдану (сабақта қолданылатын нақты мысалдар, проблемалар, жобалар және т. б. )
«Ұйқасын тап»
Адамдықты толғап өткен бұрыннан,
Жырау деген – қасиетті ….
Жерұйықты іздеп, дүниені шарлаған,
Асан қайғы – неткен ғажап ….
/От шашу/
Синкуейн (бес жолды өлең)
1. Зат есім - 1 сөз
2. Сын есім - 2 сөз
3. Етістік - 3 сөз
4. Сөйлем - 4 сөз
5. Синоним
/Үш шапалақ/
"Еркін жазу" стратегиясы
Тапсырма: өзіңнің туған жеріңе Асан Қайғыша баға беріп көр.
(Әр қатар жазған тұжырымдамаларын өзара тексеріп, автор орындығына біреуін ұсынады.)
Рефлексия
Сабақ соңында оқушылар жазбаша сұрақтарға жауап береді
1. Бүгін мен _____________________________________________ білдім.
2. Маған қызық болды..........................................................................................
3. Маған қиын болды.........................................................................................
4. Мен үйрендім........................................................................................................
5. Сабақ менің өміріме................................................................................. берді

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.