Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 31 минут бұрын)
Астанада 19 жастағы әйел жаңа туған сәбиін сатып жібергені үшін ата-ана құқығынан айрылды

Астанада 19 жастағы әйел жаңа туған сәбиін жалған келісімшарт арқылы сатып жіберген. Сот оны және делдалдарды кінәлі деп танып, шартты түрде бас бостандығынан айырды.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Анықталғандай, елорда тұрғыны 19 жастағы бойжеткен делдалдар арқылы өзінің жаңа туған сәбиін ақшаға сатқан. Бұл келісімшарт жүктіліктің сегізінші айында жасалған және ол жалған «жасаған ана» келісімшарты ретінде рәсімделген.

Сот үкімі

2025 жылғы 23 мамырдағы сот үкімімен аталған қыз және делдалдар Қылмыстық кодекстің «Кәмелетке толмағандарды сату» бабы бойынша кінәлі деп танылды. Сотталушыларға 8 жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру және сынақ мерзімінде бақылау белгіленді.

Баланың құқығы қорғалды

Баланың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында, ол кәмелетке толмағандарға арналған мамандандырылған мекемеге орналастырылды. Сонымен қатар, мамандандырылған балалар үйінің талап-арызы бойынша анасы ата-ана құқығынан айрылды.

Астана қалалық прокуратурасы балаларға қатысты заңсыз мәмілелер қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын және құқық қорғау органдарының ерекше бақылауында екенін еске салады.

Жаңалықтар

Жарнама