Tengrinews.kz / Алихан Сариев
- 05 нау. 2026 20:30
- 25
Астанада қар мен боран күтілуде, Алматыда +12 градусқа дейін жылынады
Қазақстанның екі ірі қаласы – Астана мен Алматыда алдағы күндері ауа райы қатты өзгереді. Егер елордада қар мен боран соғатын болса, Алматыда көктемгі жылылық сезіледі.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Астанадағы ауа райы болжамы
6 наурыз күні Астанада айнымалы бұлтты болып, түнде қар жауып, күндіз жеңіл қар күтіледі. Тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысып, 9-14 м/с жылдамдықпен еседі. Температура түнде -6...-8 градус, күндіз -1...-3 градус болады.
7 наурыз күні Астанада түнде қар, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Тұман, көктайғақ сақталады. Оңтүстік-батыс желі 9-14 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді. Түнде ауа температурасы -5...-7 градус, күндіз -1...+1 градус болады.
8 наурыз күні Астанада айнымалы бұлтты болып, уақытымен жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыс желі 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с жетеді. Температура түнде -1...-3 градус, күндіз -1...+1 градус болады.
Алматыдағы ауа райы болжамы
6 наурыз күні Алматыда айнымалы бұлтты болып, уақытымен жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыс желі 3-8 м/с, екпіні 15 м/с жетеді. Температура түнде -1...+1 градус, күндіз +3...+5 градус болады.
7 наурыз күні Алматыда айнымалы бұлтты болып, түнде жауын-шашын (негізінен жаңбыр), күндіз жаңбыр жауады. Уақытымен тұман болады. Солтүстік-шығыс желі 3-8 м/с болады. Температура түнде 0...-2 градус, күндіз +7...+9 градус болады.
8 наурыз күні Алматыда айнымалы бұлтты болып, жауын-шашынсыз өтеді. Түнде және таңертең тұман болады. Оңтүстік-батыс желі 3-8 м/с болады. Температура түнде 0...+2 градус, күндіз +10...+12 градус болады.
Қазақстанға қар қайта оралады
Бұған дейін синоптиктер Қазақстанның солтүстік-батыс циклон әсеріне түсетінін хабарлаған болатын. Еліміздің көптеген өңірлерінде ауа райының тұрақсыздығы күтіледі. Жаңбыр, қар түрінде жауын-шашын болады. 5-6 наурыз күндері еліміздің оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі.