Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Астанада робототехникадан Central Asia FIRST халықаралық чемпионаты өтіп жатыр

Астанада оқушылар арасында робототехника бойынша Central Asia FIRST Championship халықаралық чемпионаты өтіп жатыр.

Аталған бәсекеде Қазақстаннан және көрші елдерден қатысушы оқушылар өздерінің инновациялық жобаларын ұсынады.

Кез келген жетістік шағын қадамдардан басталатыны анық. Сондықтан бүгінгі жобалар шағын масштабта болса да, көпшіліктің көңілінен шықты.

«Мені жас таланттардың жобалары қуантты. Айта кетейік, биыл чемпионат энергия тақырыбына арналған, қатысушылар өз әзірлемесін үлкен ықыласпен таныстырды. Жеңімпаздар әлемдік бәсекеде елдің намысын қорғау үшін АҚШ-қа аттанады. Бұл балалардың барлығы жаңа технологияларды дамытып, елдің дамуына үлес қосатын болашақ IT мамандар, инженерлер мен ғалымдар. Техникалық білімді алуға ұмтылатын жастар Қазақстанның өркендеуіне ықпал етеді деп сенемін, өйткені біздің экономикамызда техникалық мамандықтардың өкілдері жеткіліксіз», - деп жазды олимпиада жайында еліміздің Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин.

Оның айтуынша, инженерлік көзқарас барлық жерде болуы керек, соның арқасында инновациялық өнімдер пайда болады.

FIRST - STEM білім саласындағы нәтижелерге қол жеткізуге және ХХІ ғасырдың дағдыларын дамытуға ықпал ететін бағдарлама.

Әлемнің жетекші оқу орындарының бірі – Массачусетс технологиялық институтына түскен студенттердің 10% FIRST бағдарламасының түлектері.

Жыл сайын FIRST Alumni түлектеріне әлемнің үздік жоғары оқу орындарынан түрлі ұсыныстар келеді және олар көптеген білім стипендиясына ие болып жатады.

Қазақстан аумағында FIRST бағдарламасы 2020 жылдан бері жүзеге асып жатыр.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама