
- 18 нау. 2025 17:30
- 12
Астанада университеттің бұрынғы қызметкері алаяқтық жасағаны үшін сотталды
Астанада университеттің бұрынғы қызметкері алаяқтық жасағаны үшін сотталды,деп хабарлайды Infohub.kz.
Астанадағы жоғары оқу орындарының бірінде түлектерді жұмыспен қамтуға жәрдемдесу секторында жұмыс істеген әйел студенттерді грантқа ауыстырып бере алатынын айтып, олардың ата-аналарынан қомақты қаражат алған. Алайда, уәдесін орындамаған.
Қалалық прокуратураның хабарлауынша, 2023-2024 жылдар аралығында ол 15 жәбірленушіден 3 миллион теңгеден астам қаржы иемденген. Ол студенттер мен олардың ата-аналарына академиялық үлгерім, грантқа ауыстыру және стипендияны қайтару мәселелерін «шешіп» бере алатынын айтып, сенімдеріне кірген.
Сот үкімімен экс-қызметкерге 3 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Ол пробациялық бақылауда болады. Сондай-ақ, сот оның кінәсін толық мойындағанын, жәбірленушілерге келтірілген шығынды өтегенін және кәмелетке толмаған балаларының барын ескерген.
Сот үкімі заңды күшіне енді.