tengrinews.kz
- 19 нау. 2026 14:00
- 27
Астанадағы жаңа әуежай құрылысы: жоба қандай кезеңде?
Астана қаласы әкімдігінің басшылығымен құрылған жұмыс тобы екінші әуежай құрылысы жобасын пысықтауда. Бұл туралы Көлік вице-министрі Талғат Ластаев мәлімдеді. Бұған дейін бұл бастаманы елорда әкімі Жеңіс Қасымбек көтерген болатын.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Вице-министрдің айтуынша, жоба бойынша жұмыстар басталып кеткен. Қазіргі таңда мамандар мен сарапшылар әуежайды орналастырудың әртүрлі нұсқаларын зерттеп жатыр. Жобаның бұған дейін Қарағанды тас жолы бойына орналастыру жоспарланғаны белгілі.
Жобаның маңыздылығы
Жеңіс Қасымбек 2025 жылдың желтоқсанында Астанада жаңа әуежай салу мүмкіндігін жоққа шығармаған еді. Ол көптеген ірі әлемдік астаналарда бірнеше әуежайдың болуы қалыпты жағдай екенін атап өтті. Елорданың бас жоспарында жаңа әуежай үшін болашақ аумақтар қарастырылған.