АСТАНАНЫҢ КӨРКЕЮІ (ЭССЕ)
Астана!.. …Шаһарлар-бізді қоршаған табиғи ортадағы адамдар қолымен жасалған күрделі жасанды орта! Оның әр ғимаратына сәулетшілердің, инженер-құрылысшылардың дарыны, еңбектері, ой-армандары өрілген. “Қалалар-біздің планетамыздың әлемі, қалалар — өткеніміз де, бүгініміз де, болашағымыз да”, – деп толғанады заманымыздың заңғар жазушысы Шыңғыс Айтматов.
Қала салу мұрасы – адамзат баласының ғажайып көркемдік дамуының ерекше құндылығына жатады. Оның адамдардың қоғамдық-саяси, тұрмыстық өмірінде алар орны баға жеткізгісіз. Сондықтан да, Пушкин кезінде Петербургті “Еуропаға ашылған терезе” десе, Гоголь жалпы сәулет өнерін әлемдік өшпес жылнамаға теңеген. Адам қызметінің интегралы-қалалар салудың композициялық тәсілдері жайлы Қазақстан аумағында сонау неолит және қола дәуірлерінде-ақ білген. Ал, ертедегі грек тарихшылары Сырдария бойына салынған қалалардың көптігін таңдана жазса, орыс ғалымы С.П.Толстов сырдариялық сақтардың афригидтік дәуірге дейін-ақ ғимараттарды күмбездеп жабуды шеберлікпен игергендерін ғажап көреді. Ұлы бабамыз Әл-Фарабидің “Ғылымдар тізбегі” трактатындағы архитектуралық формаларды салудың геометриялық әдістері бүкіл Таяу және Орта Шығыстағы құрылыс өнерінің негізін қаласа, екінші бір ұлы бабамыз Әбу-л-Уафа әл-Бозжани “Геометриялық денелерді салу жайыттары туралы” трактатында архитектура формаларын салу әдістерін, Гияс-ад –Дин әл-Каши бабамыз “Арифметика кілті” трактатында архитектуралық формаларды салудағы тепе-теңдіктің практикалық әдістерін айқындаған.
Елбасымыздың басшылығымен салынып жатқан, Һәм сымбаты мен сырына әлем таңданыс білдіріп отырған Астананың бойынан әлбетте, әлгінде айтқанымыздай, қала салудағы Шығыс даналығын іргетас ете отырып, әлемдік архитектураның да ең озық қырларын кіріктірген осы заманғы сәулет өнеріндегі синтездік сұлулықты көріп, мерейіміз өсе түсуде.
Айтары жоқ, бүгінгі Астана шындығында да әлемдік сәулет өнерінің шығыстық архитектура дәстүрлеріне таған қалаған қырларынан өрілген қайталанбас тұлғасымен, ішкі тіршілік рухының жасампаздыққа, адамзаттық асыл мұраттарға арна тартқан болмыстарымен таңдандырады.
Көзі қарақты, зердесі ояу кез келген жан Астананы аралай жүріп, оның ғимараттарындағы архитектуралық өрілудің еуразиялық дәстүрлер негізіндегі шығыстық тағаннан тамыр тартқан египеттік қарапайымдылықты да, грекиялық сұлулық пен таңдай қақтырар көне александриялық және византиялық жайылма күмбездік шешімдерді де, римдік аркаларды да, бағзы готикалық құрылыс сораптарын аңғартар готика-арабтық нақыштарды да байқар еді. Астананың архитектурасындағы бұл қайталанбас өзіндік кескіндер оның ХХІ ғасыр қаласы және әлем қаласы деген аттарына әбден сай.
Астананың қазіргі сәулеттік құрылысына қанағаттанғандығын білдірген Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев та еліміздің осынау бас қаласын болашақта көп ұлтты Қазақстанның барлық адамдарының өмірлеріне аса қолайлы жағдай туғызатын, шығыстық және еуропалық мәнерлер мен мазмұндағы үндестікте салынған еуразиялық мегаполис тұлғасында көргісі келетінін айтты.
Еліміз үшін аса маңызды стратегиялық мәнге ие транс-еуразиялық магистральдарға жақын орналасқан Астана қазір осы көліктік тораптар арқылы барлық бағыттарға шығып, экономикалық алыс-беріс байланыстары үрдістерін одан әрі қыздыра түсуде. Президентіміздің тәуелсіздігіміздің алғашқы жылдарында-ақ, мақсат еткен “алдымен – экономика”. Мұраттарының табыспен арна тарта беруіне Астананың еліміздің жүрегінде, қолайлы экологиялық жағдай аясына берік орнығып, Қазақстан экономикасы мен өндіргіш күштерінің ырғақты дамуында шын мәніндегі көшбасшыға айналуы серпін жасауда.
Сөз ретінде айта кетелік, Астананың келешекте де кемелденіп, әлемдік бедел алуына елорда дамуы стартегиясының 2030 жылға дейінгі белгіленген негізгі төрт бағытын: бірінші – тұрақты экономикалық дамуын, екінші – қоршаған ортаның қолайлы аясын сақтау мен қалалық жоспарлау мен дизаин, экологиялық, инженерлік және көліктік инфрақұрылымдардан өрілген қаланың ырғақты жұмыс істеуін, үшінші – қала жұртшылығының әлеуметтік тұрмыс жағынан тұрақты марқаюын, астаналықтардың қала тіршілігіне белсенді түрде тартылуын, төртінші – шаһарды басқару жүйелерінің әлемдік стандарттарға сай жетілуін қамтамасыз ету негіз болмақ.
Әлбетте, қай мекеннің де болсын қайырлылығы халқының лайықты өмір сүруіне жағдай туғыза алуында. Күн санап гүлденіп келе жатқан Астана өз тұрғындарының тұрмысына лайықты жағдай жасауға құлшынады. Әр жыл сайын еліміздің осынау бас қаласында инженерлік-көлік инфрақұрылымдары, мектептер, емханалар, ауруханалар, мәдени-спорттық нысандар салынуда. Елордада 2010 жылға дейін тұрғын үй құрылысы жинақтау жүйелері арқылы бюджет қызметкерлеріне арналған пәтерлер салудың арнайы бағдарламасы іске асырылуда. Астананың негізгі каптиталына инвестиция салудың жыл сайынғы өсімі 30 пайыздан асу үстінде. Елбасымыздың бастамашылығы арқасында бұның басым бөлігін жеке инвесторлар қаржысы құрауда.
Бір сөзбен айтқанда Астана Қазақстан Президенті алға қойған экономиканы әртараптандыру кластерлік бастамашылық пен жоғарғы технологияларды дамыту, ғылымдағы бәсекелестік басымдылықты жетілдіру секілді жолдарда табысқа қол жеткізуде.
Әлем қаласы — Астананы отандық құрылысшыларымызбен білек біріктіре жүріп, жер жүзінің небір айтулы компаниялары да салуда. Олардың арасында көлік, инженерлік инфрақұрылым, жобалау мен құрылыс бағыттарына маманданған Түркия, Корея, Біріккен Араб Әмірлігі, Жапония, Канада секілді елдердің мамандары бар. Астанада сауда операцияларымен, жобалау жұмыстарымен, құрылыспен айналысатын Еуроодақ елдерінің 100-ден астам кәсіпорындары жұмыс істеуде. Еуроодақ елдері астанаға импорттық жабдықтар, мәшинелер, көліктер, түрлі механизмдер жеткізетін негізгі әріптестердің қатарында. Олардың ішінде Франция Астананың қазіргі күнде аса белсенді сауда әріптестерінің бірі. 2007 жылы француздың ВСЕОМ/Gressard концерцумымен ауыл шаруашылығы өнімдерінің көтерме саудасы жүйесіне қатысты Астанамен арадағы белсенді жұмыстары басталды. Бұл жобаны Астана Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесе жүзеге асыра бастады. Болашақта елорда басшылығы осы қарым-қатынастың арнасында Астанада осы заманауи аймақтық аса қуатты ауыл шаруашылығы өнімдерінің көтерме сауда рыногы құрылысын қолға алатын болады.
Осылайша, әлемдік деңгейге нық қадам басқан Астана бүгінде Орталық және Шығыс Еуропаның көптеген шаһарларымен бауырлас қалалар дәстүріне қосылды. Олардың қатарында Мәскеу, Будапешт, Берлин, Варшава, Вильнюсь, Гданьск, Киев, Кишинев, Минск, Рига секілді жаһанның әсем де, тарихы бай мегополистері бар. Әлемнің осы қалаларымен Астана қала шаруашылықтарын басқарудың, қаланың инфрақұрылымдары мен экономикасын дамытудың, мәдениеттің оң істері тұрғыларында тәжірибелер алмасуда, бизнес-жүйелерімен де байланыстар орнатуда.
Астана қаласы шынында әлемдік дәрежедегі саяси ғана емес, мәдени-рухани ірі шаралардың да көшін бастап келеді. Мәселен, қазір дүние жүзінде орыс тілінің халықаралық жылы өтуде. Осы игі істің де алғы сапында Астана қаласының белсенділік танытуы қуантады. Бір ғана осы елорданың өзінде ұлы Пушкин мен Толстой, Достаевский тілінің қазақ мәдениеті мен рухани өміріндегі, тарихи жолындағы тыныстарына арналған ондаған шаралар өтті. Қыркүйек айының соңында Астанада Ресейдің халықтар достығы университеті ғалымдарының қатысуымен орыс тілі мен Ресей мәдениетінің күндері және қазан айында ХХІ ғасырдағы орыс тілі мен мәдениетінің халықаралық конгресі шақырылғалы отыр. Бұған да қазақстандықтар тарапынан зор ықылас, қолдау білдірілуі риза етеді, – дейді, бізге Ресей Федерациясының Қазақстандағы Елшісінің кеңесшісі, Ресей ғылымы мен мәдениетінің елордадағы орталығының директоры Борис Калинич мырза. Астанамыз дамудың өзге де бағыттарында серпінді қадамдар жасауда.
Әлбетте, Астананың экономикалық жетістіктері оның аймақтық және әлемдік рыноктардағы бәсекелестікке төтеп бере алу қабілетіне тікелей байланысты. Елордада қазір ғылым жетістіктеріне арқа сүйеген өнеркәсіпті, инновацияларды игеру, тамақ өнеркәсібін дамыту, туризмді өркендету секілді кезек күттірмес шаралар қолға алынуда. Қала тұрғындарын әлемдік деңгейдегі медициналық және білім беру, мәдени-спорттық қызмет түрлерімен қамтамасыз ету шұғыл атқарылуда. Астаналықтардың шығармашылық қабілеттерін ашу мен қалыптастыру да үлкен міндет ретінде мақсатқа айналуда.
Елорданың ең басты байлығы әрине, оның адамдары. Бүгінде Астанада 130 ұлт пен ұлыстардың өкілдері тату тіршілік кешуде. 45 конфессия өкілдері елорданың өміріне өзек болар түсіністікке қызмет жасауда. Астананың бір өзінде ғана Қазақстанның кіші Ассамблеясына біріккен 26 ұлттық- мәдени бірлестіктер жұмыс істейді. Бәрі де жасампаздыққа еңбек сіңіруде.
Еліміздің бас қаласының оңтүстік-батысындағы аспан аясына қол созған биіктігі 24 метрлік алтын түстес “Астана жұлдызы” стелласының ұшар биігіндегі “Жел бәйшешегі” жұлдызы мен көкке атылған қанатты пырақтарға әуежайдан келе жатқан қонақтар көз салмай өтпейді. Осы бір ескерткіш қазақ елінің жаңа ғасырдағы қуатын, қадірін, асыл мақсаттарын танытып тұрғандай әсерге бөлейді. Сөз жоқ, бас қаламыздың бойындағы жасампаздық қайнар халықтық қасиеттерімізден және де тұңғыш Президентіміздің қажырлы қайраткерлігінен күш алуда.
Өмір атты ұлы тіршілігімізге күретамыр қанындай, жүрек жанындай серпін, қозғау салып тұратын елдік болмысымыздағы осынау жасампаздық қайнардың арқасында қазақ атты перизат халқымыздың азат аспанында Астана атты жарық жұлдыз әлемді таңдандыра, биікке самғап, жарқырай түсуде!