- 04 нау. 2024 23:49
- 352
Экология және биосфера 11 сынып
Қостанай облысы, Жангелдин ауданы,
Аралбай ауылы, Жангелдин орта мектебі
химия биология пәнінің мұғалімі Естайлақ Ақгүл Абусағитқызы
Қолданбалы курс: «Экология және биосфера»
Түсінік хат
Жалпы Биология курсында «Экология» тараудың бірі болып есептеледі. Экология биология ғылымының саласы ретінде дамып қалыптасқан ғылым. Экология – қазіргі кезде күрделі, кешенді ғылымдар деңгейіне көтерілді. Қазіргі кезде экология барлық ғылымдар саласын сабақтастықта әрекет ететін кешенді ғылымға айналды. Экология бүгінгі күннің талаптарын жан-жақты қарастыратын көптеген ғылымдар жүйесінен тұрады. Адамның өмірі табиғатпен тығыз байланыста. Қазіргі уақытта эколог ғалымдарды толғандыратын мәселелердің бірі адамзат өмір сүріп отырған «Жер – Ананы» сақтап, қорғау. Осыған байланысты 11 сыныпта алынып отырған «Экология және биосфера» қолданбалы курсы оқушыларды табиғатты қорғауға, аялауға, экология ұғымын терең меңгеруге арналған. Жергілікті жердің экологиясы, адам мен табиғаттың қарым қатынасын, онда өмір сүріп келе жатқан тіршілік иелері туралы толық мәлімет алады. Практиканы теориямен байланыстыру, мамандық таңдауға көмектеседі.
Сонымен қатар, бұл курс болашақта биология саласы бойынша мамандық таңдауда, ұлттық бірыңғай тест тапсыруда, ғылыми жоба сайыстарынан білімді тексеруде, жоғары оқу орындарына түсуге дайындық ретінде тереңдетіліп жүргізіледі.
Жалпы білім беретін мектептердің 11 сыныпқа арналған биология пәнінен «Экология және биосфера» қолданбалы курсы бағдарламасының көлемі жылына 34 сағат, аптасына 1 сағат.
Курстың оқытылуы:
Табиғатты пайдалануда өнегелілік және құқықтық принципті сақтау, өзінің тұрғылықты жерінің табиғатын белсенді қорғауы, оқып үйренуге,табиғатты белгілі бір мөлшерде пайдалануды, экологиялық жауапкершіліксіздіктің кері әсері туралы идеяларды насихаттауды жаңа көзқарас негізінде қалыптастыру қажеттілігінен туындаған.
Курстың мақсаты:
Оқушылардың экологиялық білімдерін тереңдете отырып, оларды
шығармашылықпен ойлауға, өз бетінше шешім қабылдауға үйрету.
Курстың міндеті:
Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие беру проблемасын теориялық жағынан негіздеу.
Экологиялық тәрбие мен білім беруді жергілікті жердің табиғатын қорғау міндетімен ұштастыру.
Оқушы экологиялық білімін табиғатқа қамқорлық жасауға дағдыландыру жолдарын қарастыру.
Болашақ мамандық таңдауға ықпал ету.
Жергілікті жер табиғатына қамқор болу
І. Мазмұндық бөлім.
Курстың мазмұны
«Экология және биосфера» - экология ғылымының негізгі салалары. Қоршаған орта мен табиғат. Жергілікті жердің экологиясы, өсімдіктері, жануарлары. Қазақстанда кездесетін экологиялық проблемалар.
ІІ.Нормативті бөлім.
«Экология және биосфера» қолданбалы курс бағдарламасының мазмұны мен құрылымы:

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.