- 14 қар. 2021 00:00
- 211
Ат бейнелі айдаһар аңызы
Хынан өлкесінің Ло Яаң шығыс терістігінде Мың Жияң дейтін ежелгі ел бар болатын, ол жердің шөбі шүйгін, суы тұнық, жайсан жер болған, аңыз бойынша, сол арадағы көлде бір құбыжық болған деседі. Оның басы айдаһар, денесі ат тәріздес болыпты, алайда денесін түк басқаннан, бүкіл үсті шұбар-шұбар тесік болыпты. Сондықтан адамдар оны айдаһар ат деп атапты. Аңыз бойынша ол судағы сел айдаһардан өзгеріпті деседі, ал құрлыққа шыққаннан кейін ол өңірді су басып, халықты әбден састырыпты.
Кейін нен адамдардың шыдамы таусылып оны алты бөлікке бөліп өлтіреді. Таңғажайыбы сол, ол қайтадан өз қалпына келіпті, денесіндегі тесіктерді санағанда жалпы саны 8864, бұл кейіннен 8 өрнекті сызыққа айналады. Кейінгі адамдар бұл айдаһардың құрметіне 8 өрнекті ғибадатханаларды салдырыпты.