Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Қыш айдаһар аңызы

Баяғы заманда Тайқу көлінің маңында бір қап-қара алып айдаһар болыпты. Ол жаңбыр жаудыра алатын ерекше күшке ие болыпты. Қай жерде құрғақшылық болса, ол сол жерге барып аузындағы суды бүркіп, жаңбыр жаудырады екен.

Алайда, бұл айдаһар тек патшаның бұйрығымен ғана бар деген жеріне барып, жаңбыр жаудырады екен. Патшаға бағынбайтын бір елді мекенде үлкен қуаңшылық болыпты, патша айдаһардың ол жерге баруына келіспепті, бірақ айдаһар сол жердің халқына жаны ашып, ұрланып барып, жаңбыр жаудырыпты. Алайда патша әскерлеріне айдаһарды ұстап алып келуді бұйырады. Бірақ айдаһар қатты қарсылық танытып, патша әскерлерінің бәрін өлтіреді. Жергілікті халық айдаһарға қатты риза болады. Бірталай жылдар өтеді, айдаһар да жоғалады, жер бетінде үлкен-үлкен үңгірлер пайда болады, жұрт оның ішінде айдаһардың өлігінің жоқ екендігін байқайды, үңгір ішінде тек бір ұзыннан ұзаққа созылған жолды көреді. Кейін келе бұл үңгір фарфор ыдыстарын жасайтын үңгірге айналды. Сол себепті, бұл жерден жасалған қыштарды айдаһар қыш деп атап кеткен.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама