Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Ата - аналармен ұйымдастырылған жиналыс - тренингтің жоспары
«Мектепке дейінгі тәрбие ж/е оқыту» бөлімі
Ата - аналармен ұйымдастырылған жиналыс - тренингтің жоспары
Тобы: 2(9) «жа»
Түрі: жиналыс - тренинг
Тақырыбы: “Бала бақыт бастауы, отбасы алтын діңгегі”
Мақсаты: Студенттердің шығармашылық әлеуетін дамытуда ата - аналармен бірлесе жұмыстар жүргізу. Ата - ананың бала өміріндегі орнымен рөлі туралы ой - түрткі салу, өз баласын жақсы тану мақсатында психологиялық көмек және кеңес беру. Ата - аналарды педагогикалық - психологиялық тұрғыда ақпараттандыру. Ата - ананың бала тәрбиесіндегі негізгі тұлға екеніне көз жеткізу. Балалар бақыттың бастауы, отбасы алтын діңгегі болу үшін, ата - ана ролі қандай болу керек? - деген, сұрақтың жауабын табу.

Сілтеме: • Презентациялар
• Тақырыптық кеңес
• «Тренингтер» жинағы авторы: ЕлеусизоваС. Алматы 1995 ж., Рауан
«Психологиялық тесттер» жинағы, авторы: Ф. Бизакова, Тараз 2012 ж. Сенім

Күтілетін
нәтиже: Бала тәрбиесінде ата - ананың алатын орны ерекше екенін және білім беру орындарында алған тәрбиесі мен отбасылық тәрбиесі - бір тұтас үрдіс екенін сезініп, колледж, ата - ана, ұстаз болып бірігіп, білімді, білікті, тәрбиелі, майталман маман тәрбиелеу.
Түйінді идеялар: «Алтын ереже» топпен бірігіп жұмыс істеу ережесі.
Түрі: Жиналыс - тренинг
Әдіс - тәсілдері: Тренинг, психологиялық тесті, жағдаяттар, релаксация, видеоролик,
Қажетті құралдар: Стикерлер, смайликтер, үн таспа, слайд, түрлі – түсті конферттер, психологиялық жазбаша, суретті тестілер,
Қытысушылар Ата - аналар, студенттер, колледж әкімшілігі
Жүру бурысы:

І Ұйымдастыру кезеңі
а) Сәлемдесу
б) Ата аналармен тренинг «Бала жүрегі баршамызға аманат»
в) Студенттермен тренинг «Қос менің бәтерегім...»
ІІ Кіріспе бөлім. «Қызығушылықты ояту» а) Ата - аналарға сауалнама «Мен баламды жақсы білемін бе?»
б) «Бүгінгі күн тәртінде қозғалатын ойлар»
ІІІ Негізгі бөлім: топ студенттерінің бүгінгі таңдағы жағдайы төмендегі төрт тақырып аясында өрбиді. Ата - аналар әрбір тақырып бойынша әңгіме қозғалғанкезде, баласына қатысты тұстарын байқап, өз эмоциясын алдарындағы смайликтер арқылы көрсетіп отырады.
• «Біз, немізбен мақтана аламыз»
• «Біздің әлсіз жақтарымыз»
• «Біз үшін қауіп»
• «Біздің мүмкіндіктеріміз»
Топ жетекшісі: « Бала сізбен бірге болатын – мәңгілік мейрам!» Видеоролик: «Ата – аналар жауапкершілігі»
ІV Қорытынды бөлім
а) Ата - аналар жиналыс – тренинг барысында алған әсерлерімен бөлісіп, «Ашығын айтсам» тақырыбындағы кестені толтырады.
б) Студенттердің шығармашылық жұмыстарымен таныстыру
г) Рефлексия

Қ. Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжі
Бөлім басшысы: Кыдырова Л. Ғ.
Топ жетекшінің аты - жөні: Рабай Күнайым Түйешіқызы

Ата-аналармен ұйымдастырылған жиналыс-тренингтің жоспары. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама