- 03 қаз. 2016 00:00
- 245
Атыраудағы ең үздік 10 мектепте робот техникалары зертханасы ашылды
Атырау қаласындағы ең үздік 10 мектепте робот техникалары зертханасы ашылды. Барлық керек-жарақпен толық жабдықталған зертханаларды орта білім ордаларына Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті тарту етіп отыр, деп Хабар24 телеарнасы хабарлайды.
«Робот техникалармен жұмыс істеу балалардың ойлау қабілетін дамытып, өзге пәндерді де жақсы меңгеруіне септігін тигізеді», — дейді ұстаздар. Оқушылар бастапқыда шағын машиналар құрастыра келе кейін аса күрделі бағдарламаларға көшеді.
Мысалы, қазақ-түрік лицейінде робот техникаларын оқу бағдарламасынан тыс меңгеруге де болады. Оқушыларға сабақтан қолы бос уақытта робот техникаларын үйренушілер клубына барып, өз қалауынша роботтар құрастыруға мүмкіндік берілген.
Балалардың жан-жақты білім алуына серпін беретін мұндай зертханалар болашақта басқа мектептерде де ашылмақ. Университет ұжымы «бұл үрдісті жыл сайын жалғастырып отырамыз», — дейді.
«Біз, университеттер сол мектептерден келетін оқушыларды оқытамыз, болашақ мұғалімдер дайындаймыз, әрдайым біздің технология сол мектептің алдында жүруі керек, мектеппен қарым-қатынас өте жақын болуы үшін ғылыми кеңестің шешімімен өзіміздің облысымыздың, қаламыздағы ең жақсы 10 мықты мектепке осындай зертхананы сыйға тарту туралы шешім қабылдадық», — дейді Х.Досмұхамедов атындағы АМУ ректорының міндетін атқарушы Абзал Талтенов.