Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 сағат бұрын)
Атырауда бірнеше полиция басшысы қызметінен босатылды

Атырау облысындағы полиция басшыларының бірнешеуі тексеруден кейін қызметтерінен босатылды. Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өңірдегі полицияда «тазалау» жүргізіліп жатқаны туралы жергілікті БАҚ-тар хабарлады. Астанадан келген тексеру аясында облыстық полиция департаментінің бірнеше басшысы қызметінен айырылған.

Ішкі істер министрлігінің мәліметі

Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі бұл ақпаратты растап, бірнеше басшы қызметінен шеттетілгенін хабарлады. Министрліктегілер жоспарлы қызметтік тексерулердің тұрақты негізде жүргізілетінін атап өтті.

«Қызметтік-әскери тәртіпті өрескел бұзғаны, жұмысты ұйымдастыруда тиісті бақылаудың болмағаны анықталғандықтан, Ішкі істер министрінің бұйрығымен Атырау полиция басқармасының бастығы, сондай-ақ Атырау облыстық полиция департаментінің жеке қауіпсіздік басқармасы мен есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының басшылары қызметтерінен босатылды», - делінген министрліктің хабарламасында.

Бұған дейін Ішкі істер министрі ведомствода заңдылық пен қызметтік тәртіпті қамтамасыз ету бойынша, соның ішінде өз қатарларында да қағидатты жұмыс жүргізіліп жатқанын атап көрсеткен болатын.

Жаңалықтар

Жарнама