Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 сағат бұрын)
Атырауда отбасының қазасы: күдіктіге ұрлық айыбы қосылды

Атырау облысында бір отбасының қазасына қатысты тергеуде жаңа мән-жайлар анықталды. Жангелдин ауылында болған оқиғаға байланысты басты күдіктіге тағылған айыптар көбейіп, іс енді екі бап бойынша қарастырылуда.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, Сұлтан Сәрсемалиевке Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі бойынша — екі немесе одан да көп адамды өлтіру, сондай-ақ 188-бабы 2-бөлігі бойынша — топ болып жасалған ұрлық дерегімен тергеу жүргізіліп жатыр. Ведомствоның хабарлауынша, қылмыстық іс адам өлтіру және марқұмдардың мүлкін жымқыру фактілері бойынша қозғалған. Күдікті ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынған.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Алайда, министрлік жауабында күдіктінің жұбайы Ақбаян Мұқанғалиеваның әрекетіне қатысты құқықтық баға берілген-берілмегені нақтыланбаған.

Естеріңізге сала кетейік, Жангелдин ауылынан шыққан бір отбасының жоғалғаны туралы туыстары 2025 жылдың желтоқсан айының соңында хабарлаған болатын. Зейнеткер ерлі-зайыпты мен олардың ересек балалары үйден шығып кеткеннен кейін байланыс үзілген. Кейін бұл істің жаппай кісі өлтіру фактісі бойынша тергеліп жатқаны белгілі болды.

Жаңалықтар

Жарнама