Ауғанның асуында от кешкендер
«Ауғанның асуында от кешкендер»
Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу. (салтанатты кеш.)
Жүргізуші:
Қадірлі ұстаздар мен оқушылар!
1989 жылы, ақпан айының 15 - ші жұлдызында талай аналарды перзенттерінен айырған, мыңдаған жерлес бауырларымыз қаза тапқан, қасіретті де қайғылы да, Ауған соғысы аяқталды. Екінші жаһан соғысына пара - пар зардабы мен залалын шашқан Ауған соғысының тарих қоржынын бір басында жатқанына да 25 жылдың төңірегі болды. Жарасы жазылған жоқ. Ардағы да кетпек емес. Жылдар өткенімен жауынгерлеріміздің өшпес ерлігі ел есінде сақталуды. Бүгінде «Ауған соғысы қажет пе еді?» деген сұрақтар көп қойылатын кезеңде, біз жастар еліміздің сол соғысқа қатысқан ұлдарын Отан алдындағы борыштарын адал ақтаған азаматтар деп құрмет тұтамыз. Биыл сол ауған соғысына 26 жыл толып отыр. Бүгінгі «Ауған соғысында от кешкендер» атты салтанатты кешімізге қош келдіңіздер!
Армысыңдар, ауғандық жауынгерлер,
Жырым бар жараланған жаныңды емдер.
Өлгендердің жанатта болсын жаны
Тірілерің мың жаса, дәуірлеңдер!
Қыздар мен балдар «Катюша» әні шеруімен
Жүргізуші:
Бүгінгі салтанатты кездесуімізге біз: Ауған соғысының ардагерлерін құрметтеп, шақырғанбыз. Сол соғыста ел мүддесін қорғаған ардақты ағаларымызбен таныстырып өтейік.
1. Тілепов Мұратбай
2. Мұңалбайев Сатыбалды
Жүргізуші:
Ерлік кездейсоқ болмайды, ол жауынгердің жүрегінде достарын еске алып, Отанынан өзін тыс сезіне алмайтынын түсінгенде ғана туындайды. 3285 күнге созылған алапат апаттың аяқталар күні бар екен. Ол 1989 жылдың 15 - ші ақпаны болатын. Дәл осы күні халықаралық Женева келісімінде бекітілгендей, Ауғанстаннан соңғы кеңес әскерлері шығарылды. Ауған соғысына 22269 жерлесіміз қатысып, жиырманың біріне жат жерден топырақ бұйырған.
Осынау қанды қасапты шейіт болған 10955 боздақтың 761 - і қазақстандық жауынгер. 362 - сі қазақ. Тоғыз жылда соғысқа қатысып, 484 - і жараланып қайтқан. 20 - сынан осы күнге дейін хабар жоқ. Маңғыстау облысынан 480 әскер, соның ішінде Жаңаөзен қаласы Теңге ауылынан да бірнеше ағаларымыз бар.
1. Тілепов Мұратбай
2. Мұңалбайев Сатыбалды
Келесі ән шашуымыз бүгінгі қонақтарымыз ер жүрек Ауған соғысының ардагерлеріне арналады.
1. «Кеңес» - күйі
2. Би. Биші қыздардың орындауында.
Жүргізуші:
Ауыр аманат арқалап, өмір мен өлім белдескен қанды шайқасқа қатынасып, батырлықпен ерен үлгісін көрсеткен қаһарман жерлестеріміз бүгін біздің ортамызда.
Қымбатты қонақтар, ардақты ағалар! Біз кітаптың бетінен ғана оқып білген бұл соғыста, сіздер өз көздеріңізбен көрдіңіздер, куә болдыңыздар, сондықтан оқушылардың сіздерге қояр сұрақтары да көп шығар. Алдымен әрқайсысының өздеріңіз жайлы айтып өтсеңіздер дейміз.
1. Тілепов Мұратбай
2. Мұңалбайев Сатыбалды
«Атамекен» әні
Ия, әрбір елдің болашағы өз Отанын шексіз берілген патриоттық, рухани жоғары ер - жүрек қайсар ел азаматы тәрбиелеуден бастау алады. Біздің халқымыздың ерлік дастаны, ата - бабамыздың сонау заманда найзаның ұшы, білектің күшімен әскер қорғауынан бастап одан бері соғыс зардаптарын бастан өткізеді.
2 - жүргізуші:
Өтер жылдар, уақыт тағы алыстар
Тағдыр талай тауқыметін табыстар
Өздеріңді жырлап өтер ұрпағың
Ауғанда болып азап шеккен арыстар.
деп ақындарымыз жырлағандай, өмір жылжып жатады, ерлік өлмейді, заманымыз жалғаса береді. Бұған дәлел ортамызда жүрген ауғандық жауынгерлердің бейбіт өмірдегі жарқын істері. Қоғамдық жұмыстағы белсенділері, түрлі кәсіптік игерудегі бәрінен бұрын жастарды, отан сүйгіштікке ұлтжандылыққа тәрбиелеудегі ерен еңбектері.
1. Нургазие Алибек
2. Уразалиев Сұлтан
3. Орынбаева Жұлдыз
4. Абдикалиева Ақнұр
Жүргізуші:
Ауыр жорықта да, жауапты істе де, ұрыстан соң санаулы ғана бейбіт сәттерде де жауынгерлеріміздің көңілдерінің шипасы ән болғаны рас. Ауылдан алыста, туыстардан жырақта, бөтен жер мен бейтаныс елде, туған жердің көгілдір аспаны мөлдір бұлақтары «Көкті тіреген алашыңдары» аталй ұлдарымыздың сағыныштарын шалқытып, қиын сәттерде күш - қуат бергені рас.
Келесі ән - шашуымыз сендерге арналады: «Қазақ елі»
Жүргізуші:
Азамат ел жүгін атқарар ол,
Асулардан аттайтын қатпары мол!
Ауғанның ащы дәмін татқан бауырым
Алаштың арқа сүйер мақтаны бол!
Көрініс:»Ананың сағынышы»
Бүгінгі кездесуге келген ардагер ағалар! Сіздерге ыстық лебізіміздің және ыстық құрметіміздің белгісі ретінде 9 «Ә» сынып оқушылары атынан кішкене сыйлығымызды табыс етуге рұқсат етіңіз.
Ән: «Қазақ жері»
Құрметті қонақтар, ағалар! Бейбіт өмірдің баға жетпес бақытты күндерінде амандықпен кездесе берейік, қош сау болыңыздар!!!!!