Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Ұстазым, ұлағатым, үлгі – өнегем!
Тақырыбы: Ұстазым, ұлағатым, үлгі – өнегем!
Мақсаты: Бүкіл адамзат баласы бас иер асыл тұлға ұстаздардың ерен еңбегін, мол қадірін, тарихтағы баға жетпес орнын паш ету. Жас ұрпақты, ұстазды құрметтеуге, адамгершілікке, сыйлап түсіне білуге, үйретуге ұстаз мамандығын қыры мен сырын түсіндіру. Ұстаз еңбегін әрқашан да бағалай білуге үйрету.
Көрнекілігі: ұлағатты сөздер жазылған плакаттар, кеспе парақшалар, гүлдер, шарлар, интерактив тақта.
Кешіміздің қонақтары:
Барысы.
1. Тәрбие сағатын ашып, ұстаздарды ел тәуелсіздігінің мерей тойымен құттықтау.
2. Ұстаздарға арнау (Өлеңдер оқу)
3. Топтық жұмыстар (Сұрақтар мен тапсырмалар бойынша)
4. Ұстаздардың құрметіне өнерлерін көрсету.
5. Қорытынды.
Мұғалім: құрметті ұстаздар, оқушылар және қонақтар! «Ұстазым, ұлағатым, үлгі – өнегем!» атты кездесу кешімізді ашық дей отырып, ел тәуелсіздігіміздің 20 жылдық мерей тойымен құттықтаймын! Сіздердің шәкірттерді тәрбиелеп, білім нәрімен сусындатудағы жас буынға бағыт - бағдар беру жолындағы еңбектеріңіз жана берсін демекпіз. Кешімізді ашу үшін сөз кезегін мектеп басшысы – ------------------- береміз.

Жүргізуші: ұрпақ тәрбиесі ұстаздарға байланысты. «Ұядан не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» дегендей өнегелі ұстаздан жақсы шәкірт шығатыны сөзсіз. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт - бағдар беруде ұстаздардың еңбегің зор. Сондықтан ол әрдайым қасиетті тұлға дей келе, келесі сөз кезегін оқушыларға берсек. Ұстаздарға арнау өлеңдерін оқуда.

1 - Оқушы: Дана да басын иетін.
Дарын да шексіз сүйетін
Жаныңда мәңгі жүретін
Жаныңды жақсы білетін.
Суарып ізгі тілекпен.
Жаныңа сенің гүл еккен,
Асуды да бірге асып.
Қиындықты да бірге өскен.
Ұлағатты адам бар.
«Ол кім?» сен де сұрамайсың
Мен де сұрамаймын
Жүрекпен бәрін ұғысқан,
Ол – ұстаз! Білсең туысқан!

Оқушы: Ұстаз... Қандай қасиетті сөз! Әр адамның жүрегіне ерекше жылулық нұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен өзектес ұғым. Адам баласының жүрегіндегі қадір тұтып, құрметтейтін екі ұғым болса, соның бірі – ұстаз. «Ұстаз» деген сөз қазақ баласы үшін қашанда қасиетті, қадірлі болған. «Ұстаздан тәрбие алған» деген сөздермен ұштасып жатыр.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама