Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 сағат бұрын)
Ауғанның от - жалыны
Тақырыбы: «Ауғанның от - жалыны» кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 24 жыл толуына арналған кездесу - кеші

Мақсаты: 1. Өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалар ерлігін үлгі ету;
2. Ауған соғысында опат болған рухына тағзым етуге, есімдерін қастерлеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі:
«Ауған соғысындағы батырлар» альбомы, тақырыптық кітапханалық көрме, интерактивті тақтада көрсетілетін слайдтар, деректі кинофильм, плакаттар, суреттер.
Шақырырылған қонақтар: Ауған соғыс ардагерлері:
1. __________________________
2. __________________________
3. __________________________
Шараның барысы:

«Пришел приказ» бен «Вспомни Афган» атты әуенімен жабдықталған видео көрсетіледі.
- Фанфары на выход ведущих -

1 - Жүргізуші (Мейрмхан)
- Қайырлы күн құрметті де қымбатты келген қонақтар, ұстаздар мен оқушылар!
2 - Жүргізуші (Гулжан)
– Добрый день, дорогие гости, уважаемые учителя, учащиеся!
1 - Жүргізуші (Мейрмхан)
- 1979 жылы желтоқсан айында Кеңес үкіметінің ұйғаруымен Ауғаныстан жеріне Кеңес әскерлерін енгізу туралы шешім қабылданды. Соғыс – зұлымдық. Жазықсыз төгілген қан. Тарих жылнамасынан өзінің қаралы, нәубет жылдарымен орын алған зұлматтың бірі – Ауған соғысы.
2 - Жүргізуші (Гулжан)
- Около 24 - х лет назад закончилась десятилетняя война в Афганистане. В учебниках еще не описаны эти события, хотя они сыграли существенную роль в истории стран бывшего СССР. А знание истории необходимо, т. к. тот, кто не знает прошлого, осужден на повторение пройденных человечеством ошибок.
1 - Жүргізуші (Мейрмхан)
- Құрметті қонақтар, сол кезде қатерге бел буып, батырлықпен қайсарлықтың үлгісін көрсетіп, қаһармандық танытқан, өздерінің Отан алдындағы парызына адал болған Ауған соғыс ардагерлеріне арналған кездесу кешімізді ашық деп жариялаймыз!
2 - Жүргізуші (Гулжан)
- 10 жыл бойы байтақ елдің тыныштығын бұзып, бұл дүниеден бейхабар періштедей жаны пәк сәбилердің шырылын шыңыруға шым батырған Ауғанстандағы сұрапыл соғыс 9 жыл 10 айға созылды.
- Осындай ауыр аманат арқалап, өмір мен өлім белдескен қанды шайқасқа қатысып, батылдық пен ерліктің ерен үлгісін көрсеткен қаһарман жерлестеріміз біздің ортамызда. Бүгінгі кешке қатысушы қонақтарымызбен таныстырайық.
1 - Жүргізуші (Мейрмхан)
- ____________________________
2 - Жүргізуші (Гулжан)
- ____________________________
1 - Жүргізуші (Мейрмхан)
- ____________________________

2 - Жүргізуші (Гулжан)
Еске алайық, құрметтейік құрбандардың рухын,
Қабірлері нұрға орансын, суық көрде жылынсын.
Есіл ерлер ескерткішке айналсаң да біз үшін,
Мәңгі бақи тірісіңдер, тірісіңдер, тірісіңдер!


Гүл шоқтары мәңгі от силуэтына қойылады (Ерболат, Тохтар, Алимжан)

- Ауған соғысында қаза тапқан батыр ағаларымызды орнымыздан тұрып 1 минут үнсіздікпен еске алуыңызды сұраймыз!
1 - Жүргізуші (Мейрмхан)
- Азаматтық алу, бейбіт өмірге қол жеткізу қай халыққа да оңай түспеген. Өткен әрбір соғыс мыңдаған, миллиондаған адам шығынын әкеліп, қаншама мемлекетті күйретумен тарихта таңба болып қалды!
2 - Жүргізуші (Гулжан)
- Революционные события в Афганистане встретили ожесточенные сопротивления внешних врагов. Со стороны Пакистана, Ирака, Китая была развернута непрерывная подрывная деятельность. В свою очередь, реакционные остатки старого режима развернули борьбу против революционного строя. Все это создало угрозу ликвидации того, что принесла афганскому народу апрельская революция. Новое государство обратилось к правительству бывшего СССР с просьбой об оказании политической и материальной помощи, включая военную поддержку. И бывший Советский Союз оказал такую поддержку. 24 декабря 1979 года было принято решение о вводе войск в Афганистан. Война в Афганистане длилась 9 лет и 10 месяцев!
1 - Жүргізуші (Мейрмхан)
- Мектебіміздің кітапханасында Кеңес армиясының Ауғаныстаннан шығарылу күніне арналған «Ауған қасіреті» атты кітаптар көрмесі жасалған. Ауған соғысына Кеңес Одағының кіріктіруі қазіргі таңда қателік деп есептеліп жүр. Ал сол кезде бүкіл Кеңес Одағының, оның ішінде Қазақстаннан да жас жігіттері осы мағынасыз соғысқа жіберілген болатын. Қаза тапқандар қаншама. ХХ ғасырдың тағы бір қасіретінің бірі еме пе..? Ал ендігі сөз кезегін өзіміздің кітапханашы _________ Лариса Владимировнаға береміз!
1 оқушы (Айсана)
Армысыздар, ауғандық жауынгерлер
Жырым бар жараланған, жаныңды емдер.
Өлгендердің жәннатта болсын жаны,
Тірілерің мың жаса, дәуірлеңдер!
Ерлік қылған ағаларым, аспан асты, жер үсті,
Біз сәндікке кимегенбіз деп шалбар менен бөрікті
Отан ана алдындағы өтеймін деп борышты,
Аттандыңдар, атқардыңдар соғысты.

2 - оқушы (Айдос)
Кабул далекий и безжизненная степь
Пропахли дымом от разрывов горьких,
Ты долго не увидишь сыновей,
Спасающих другой народ от горя.
Мы, Родина, покинули тебя,
Нам совесть путь - дорогу указала.
Иди и выполняй святой приказ,
Чтоб Родина спокойно засыпала.

3 - оқушы (Жанбота)
Жастығыңмен жауға атылдық оқ болып.
Әндететін кезің еді төс керіп,
Жаудың оғы сан мүшеңді төрт бөліп,
Кейбіреуің кеттің мүлде жоқ болып.

4 - оқушы (Анар)
Время выбрало нас,
Закрутило в Афганской метели.
Нас позвали друзья в грозный час -
Мы особую форму надели.
И в огни горных трудных дорог,
Своей кровью крапили походы.
Не заметили в вихре тревог,
Как минуты прессуются в годы.

2 - Жүргізуші (Гулжан)
- Сахнада ____________ Арайлым с песней «Моя земля»
1 - жүргізуші (Мейрмхан)
Мен қазақпын, ұланымын елімнің,
Мен қазақпын, тірегімін жерімнің.
Ұланымын туын көкке көтерген,
Болашаққа алға бастап жетелер.
Қиындығын қазағымның әрқашан
Қайыспайтын қара нардай көтерер!

- Ендігі, өсіп келе жатқан тәуелсіз еліміздің болашақ жауынгерлеріне шақырушының тіркеу туралы күәліктерін тапсыруға рұқсат етіңіздер!
/Вручение приписных свидетельств юношам - допризывникам/

2 - Жүргізуші (Гулжан)
- А для вручения приписных свидетельств мы приглашаем на сцену директора школы ____________!!!
- _______________________
- _______________________
(Зачитывают фамилий поочередно)
1 - жүргізуші (Мейрмхан)
- Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 24 жыл толуына арналған
Республикалық «Жас Ұлан» ұйымының жоғарғы буынына мектебіміздің 5 «а» – сынып оқушылары бүгін бірыңғай «Жас Ұлан» қатарына қабылданбақшы! Ұйымның мақсаты – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарға сәйкес рухани дүниесі кең тұлғаны қалыптастыру, балалар мен жасөспірімдерді қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеу. 2011 жылғы 1 қыркүйекте Астана қаласы №66 мектепте Елбасы Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының алғашқы мүшелерін салтанатты түрде қабылдады.

Ұлан басшысы:
- Еліміздің өркендеуі, гүлденуі – жас ұрпақ қолында. Егемен еліміздің ертеңіне өз үлесімізді қосқымыз келсе, білімді, тәрбиелі, белсенді болуымыз керек. Елбасымыздың қолдауымен құрылған «Жас Ұлан» ұйымына қабылдану – әрбір шәкірт үшін үлкен мәртебе. Келешегін бүгіннен ойға алған әрбір жас өрен «Жас Ұлан» ұйымы көптеген мүмкіндіктерді ашуға апарар жол деп біледі. Болашақ – жігерлі, біліммен қаруланған, салауатты жастар қолында!
Асқар: «Жас Ұландық» атану – зор мәртебе!
Мадина: «Жас ұландар» – жасампаз болашақ иесі!
Диана: Тудым, өстім Отан үшін, Отан үшін – қуат күшім!

2 - Жүргізуші (Гулжан)
- «Жас Ұлан» қатарына мектебіміздегі 5 «а» сыныбының ең үздік 10 оқушысы іріктеліп алынды. Салтанатты қабылдау рәсімін мектебіміздің 8 «а» сынып түлектеріне береміз.
«Жас Ұлан» қатарына:
1. Тохметова Сабина
2. Мархаиатов Орынбасар
3. Бейсембеков Айбек
4. Көбентаев Ануар
5. Абдыхаликова Ақжайық
6. Ибрагим Темирлан
7. Кеңес Еламан
8. Манембекова Камила
9. Сагатова Аружан
10. Турлыбай Айжан қабылданады.

(Ант қабылдау рәсімі)

Мен, __________________, Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына кіре отырып:
Өз Отаным – Қазақстан Республикасының патриоты болуға;
Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, дәріптеуге;
Туған елім, жерім, Отанымды мақтаныш етуге;
Ата - анамды қадірлеуге;
Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге;
Білімге табандылықпен ұмтылуға;
Салауатты өмір салтын ұстануға;
Табиғатты аялауға;
«Жас Ұлан» Ережесін бұлжытпай сақтауға және оны өз достарымнан талап етуге ант етемін!
АНТ ЕТЕМІЗ! АНТ ЕТЕМІЗ! АНТ ЕТЕМІЗ! Біз – «Жас Ұлан!»
Барлығы бірге: «Қазақстан – Нұрсұлтан – Жас Ұлан» 3 рет.

- «Жас Ұландықтарға» галстук пен төс белгілерін байлау үшін директор мен бүгінгі кездесу кешіміздің қонақтарын шақырамыз!!!
(Ауған соғыс ардагерлері галстуктарын байлайды)

- Қымбатты «Жас Ұландықтар»! Сіздерді бүгінгі «Жас Ұлан» қатарына қосылуларыңызбен шын жүректен құттықтаймыз!

1 - жүргізуші (Мейрмхан)
- Сахнаға ___________________ Аружан «Сарыжайлау» әнімен шақырылады!
Ауған соғыс ардагерлерінің әңгімесін тыңдау, сұрақтар қою, пікір - алмасу.

2 жүргізуші (Гулжан)
- Ауғанстаннан Кеңес әскерлерінің шығарылғанына 24 жыл өтсе де, сол кездегі жауынгерлер бүгінгі бейбіт өмірдің еңбеккерлері соғыс жарасынан айыға алмай келеді. Бүгін өзімізбен бірге сыр елінің көсегесін көтеруге атсалысып жүрген ауғандық ардагерлер жауынгерлерді қадірлеп - құрметтеу – біздің борышымыз дей отырып, келген қонақтарға алғысымызды айтамыз.
- Құрметті қонақтар! Бейбіт өмірдің баға жетпес бақытты күндерінде амандықпен кездесейік!

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама