Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 7 сағат бұрын)
Қоғамдық мінез-құлықты қалыптастыру және іс-әрекетті ұйымдастыруда ойын әдістерінің маңызы.
Қоғамдық мінез-құлықты қалыптастыру және іс-әрекетті ұйымдастыруда ойын әдістерінің маңызы.
"Балалықтың қанына ойын азық" (Сұлтанмахмұт Торайғыров)

Қазіргі дәуір жастары жан-жақты дамыған жастар. Мектеп оқушылары бір қалыпты іш пыстырарлық сабақтарға қарағанда компьютерлік ойындарды ұнатады. Сондықтан қазіргі талапқа сай білім беру біз мұғалімдерден үлкен еңбекті және ізденісті талап етеді. Мен өз тәжірибелеріме сүйене отырып ағылшын тілі сабақтарында ойын әдістерінің маңызы өте үлкен деп ойлаймын. Өйткені ойын – мектеп балаларының негізгі іс-әрекеті. Ойын барысында пән аралық байланыс болады. Ойын үстінде баланың бір затқа бейімділігі, мүмкіндігі және қызығуы анық байқалады. Ойын мазмұны мен түріне қарай: мазмұнды-бейнелі, қимыл-қозғалыс, дидактикалық, құрылыс, кейіптендіру ойындары болып бөлінеді. Мазмұнды-бейнелі ойында балалар ойын мазмұнын түсінікті етіп жеткізуге тырысады, оған қажетті құрал-жабдықтарды табуға талпынады, оларды дайындау үшін еңбектенеді. Бала алған рөлдеріне сай кейіпкердің киімін киіп, қимылын, дауыс ырғағын мәнерлі жеткізуге тырысады.
Мысалы:<< The Wolf and Seven Little Kids>> ертегісін оқығанда ертегі кейіпкерлерінің дауыстарын дәл салуға әрекет жасайды. Кейіпкерлердің киімдерін киіп, қимылдарын дәл жасауға тырысады.
Немесе:(тақпақтардағы кейіпкерлердің дауыс ырғағын мәнерлеп жеткізу)
”Little mouse”
Cat: Little mouse, little mouse,
Where is your house?
Mouse: Little cat, Little cat,
I have no flat.
I am a poor mouse,
I have no house.
Cat: Little mouse, little mouse,
Come to my house.
Mouse: Little cat, little cat,
I cannot do that,
You want to eat me!
Немесе:
Children and the Clock(бұл тақпақты айтқанда оқушылар сағаттың әрекетін дауысын дәл салады)
The Clock: Tick-tock, tick-tock
Now it’s ten o’clock
Ten o’clock, ten o’clock
And what do you do, children
When it’s ten o’clock?
Children: We are at the English lesson
When it’s ten o’clock.
Бұл тақпақтарды немесе ертегілерді үйреніп жатып көркемдік сабақтардан (ән-саз, бейнелеу өнері сабақтарынан) алған білімдерін пайдаланады.
Good night, good night,
My little child.
Get up gay and bright,
In the morning light!- тақпағын үйренген кезде қуыршақты ұйықтату үшін бесік жырын айтып әлдилейді.
“Carol’s kitchen” ойынын ойнағанда бейнелеу өнері сабақтарында жасаған ыдыс, үй жиһаздарын, қағаздан құрастырған заттарды пайдаланады. Бұл ойындарды оқушылар тек ойнап қана қоймай ұлттық мәдениетімізді құрметтеуді үйренеді.

Мазмұнды-бейнелі ойынның ерекшелігі: оны балалардың өздері жасауында, ойын қызметі айқын өнерпаздық және шығармашылық сипатта болады. Бұл ойындар қысқа да, ұзақ та болуы мүмкін.
“Our house” ойынында бала сызық бойына әдемі үй құрылысын жасап, оның бояуларының бір-бірімен келісімді болуын қадағалайды. Құрылыс материалдарын пішіні, оларды көлемі (кең, тар), биіктігі (биік, аласа) бойынша салыстырады. Қазақ ұлттық киіз үйінің суретін салып қәзіргі үйлермен салыстырады. Бұл ойында балалар сын есімдерді, түстерді,
геометриялық пішіндердің атауларын қолданады. Ойын барысында шығармашылық танытып, жаңа мазмұн ойластырып, белсенділік көрсетеді. Өзінің және жолдастарының алған білімдерінің сапасына баға береді.

Дидактикалық”Animals and birds”,”Toys and school subjects”,”Clouthes”,”Transports”,”Foods” тағыда басқа сондай ойындарды ойнау барысында есту, көру, сезіну, қабылдау сияқты үрдістері дамып, балалар ойыншықтар мен әр түрлі жануарлардың дыбыс шығару ерекшелігін ажыратуға, заттарды пішініне, түсіне, көлеміне қарай іріктеуге, әр түрлі қимылдарды орындауға үйренеді. Ауызша ойналатын дидактикалық ойындарда сұрақ, өтініш, келісімді білдіретін дауыс ырғақтарына еліктеу қабілеттері жетіледі.

Мысалы: a) Have you a ball?
Yes, I have.
b) Has she a book?
No she isn’t.
c) Can I borrow your book?
Yes, you can.
d) Am I wearing a hat? – Yes, you are./No, you are not.
e) Is the cat fat? Yes, it is./No, it isn’t.
f) How are you? – I am OK.

“Whose clothes are those?”тақырыбы бойынша екі қуыршақты киіндіруге бөлек-бөлек суреттерді пайдаланғанда оларды белгілі бір тәртіппен жинау үшін байқағыштық пен тапқырлық көрсетеді. Қимыл-қозғалыс ойынында балалар санамақтар, өлеңдер, тақпақтар қолданады.
Мысалы: Ten green bottles.
Ten green bottles, standing on the wall(twice).
And if one green bottle should accidentlly fall,
There’d be nine green bottles standing on the wall.
Nine green bottles, standing on the wall(twice),
And if noe green bottle should accidentlly fall,
There’d be eight green bottles, standing on the wall.(осылай жалғастырамыз)

Мұндай ойындарда балалардың ептілігі, қимылдың әдемілігі дамып қалыптасады, кеңістікті, уақытты бағдарлауға үйренеді, батылдық, тапқырлық, қайраттылық, достық, жолдастық көмек, тәртіптілік, ойын ережесіне бағына білу сияқты адамгершілік сапаларын қалыптастырады. Бала қоғамдық мәні бар іс-әрекетке деген құштарлығын ойын арқылы қанағаттандыратындықтан, ойынның қай түрі болсын балалардың, адамгершілік тәрбиесінің дамуында маңызды рөл атқарады.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама