Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 27 минут бұрын)
Ауыл тұрғыны темекі тұқылын көшеге лақтырғаны үшін қоғамдық жұмысқа жегілді

Маңғыстау облысындағы Шетпе ауылының тұрғыны қоғамдық орындарды ластағаны үшін 40 сағаттық қоғамдық жұмысқа тартылды. Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бұл оқиға Маңғыстау аудандық сотында қаралды. Азамат полиция ғимаратының алдына темекі тұқылын тастаған. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-2-бабының 1-бөлігі бойынша (жалпыға қолжетімді орындарды, саябақтарды, гүлзарларды ластау, соның ішінде коммуналдық қалдықтарды белгіленбеген жерлерге тастау) іс қозғалды.

Сот шешімі

Сот отырысында азамат О. кінәлі деп танылып, оған 40 сағаттық қоғамдық жұмыс түрінде жаза тағайындалды. Бұл шара басқаларға сабақ болып, қоғамдық орындарды таза ұстаудың маңыздылығын ескертуі тиіс.

Жаңалықтар

Жарнама